
Ерекше балаларға айрықша көңіл
Атырау қаласында «18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру» жобасы аясында «Koriseiik Balaqai» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл жоба аясында ұйымдастырылған мерекелік шараға қала бойынша 167 бала қатысып, өзара қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алды.
— Біздің басты мақсатымыз — балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау, жалпы қазақ халқының салт дәстүрін насихаттау. Мұндай жобалар балалардың әлеуметтенуіне оң ықпал етіп қана қоймай, ата-аналарға да үлкен қолдау көрсетеді, — дейді жоба жетекшісі Гүлзира Жамалова.
Мұндай бастамалар арқылы ерекше балалардың өмірге деген құлшынысын арттырып, оларды қоғаммен етене жақындату — бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.
Айта кетейік, бұл жоба алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп жоспарлануда.
Тоғжан ЕРМЕК