
Цифрлық қолжетімділік – кедергісіз ортаның кепілі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында халықты әлеуметтік қолдау жүйесін цифрландыру және оның тиімділігін арттыру – басты міндеттердің бірі ретінде белгіленген болатын. Бұл бастама, әсіресе, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін кедергісіз орта қалыптастыруда үлкен рөл атқарып отыр.
Бүгінде әлеуметтік қызметтерге онлайн қол жеткізу – жай ыңғайлылық емес, ол азаматтардың конституциялық құқықтарының толық орындалуының бір көрінісі. Бұрын құжат жинап, мекемелер табалдырығын тоздырған жандар енді “бір терезе” қағидаты арқылы цифрлық платформада өтініш беріп, қызметті қашықтан ала алады. Бұл – уақыт үнемдеумен қатар, адами фактордың азаюына, әділдік пен ашықтықтың артуына жол ашады.
Мысалы, мүгедектігі бар жандар үшін техникалық көмекші құралдарға, жеке көмекші немесе ымдау тілі маманы қызметіне өтінім беру рәсімі толығымен онлайн жүйеге көшіріліп жатыр. Сонымен қатар, әлеуметтік портал арқылы қызметті қадағалау және кері байланыс беру мүмкіндігі де енгізілген.
Бұл – «инклюзивті қоғам» қағидасына қарай жасалған нақты қадам. Цифрландыру – әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етудің, азаматтың мемлекетке деген сенімін нығайтудың жолы.
Жолдауда көрсетілген бұл тапсырманың орындалуы – қоғамның барлық мүшесіне тең мүмкіндік беруге бағытталған стратегиялық шешім. Ал оның нәтижесін әрбір отбасы, әрбір азамат күнделікті өмірінде сезінуі тиіс.
Айжан СӘРСЕМБАЕВА,
Атырау қалалық мәслихатының депутаты
Сурет: egemen.kz