Жарнама
Әлеумет

Биыл қандастарды қабылдаудың квотасына енген азаматтарға төлем беріледі

Атырау облысы қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізіліп, 100 бірлік квота бөлінді. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Полымбет Хасанов мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

f1b744d8 e202 48e2 9fa0 4f4b325298a0

«Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде көшіру қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа сәйкес олардың өтініштері негізінде қандастарды қабылдау квотасына енген қандастарға төлемдер беріледі. Көшуге арналған субсидиялар отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде төленеді.

Ал тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерді төлеу жөніндегі шығыстарды өтеу ай сайын, тұрғын үй алғанына 12 айдан аспайтын мерзімге дейін өтеледі. Қалалық жерге қоныс аударғандар үшін бір адамға 20 АЕК, отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса 25 АЕК, отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 30 АЕК мөлшерінде төленеді. Ауылдық жерге қоныс аударғандар үшін бір адамға 15 АЕК, отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде 18 АЕК, отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 21 АЕК мөлшерінде төленеді.

-Сонымен қатар экономикалық мобильділік сертификаты беріледі. Ол – тұрғын үй сатып алу, салу немесе ҚР Ұлттық Банкі және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен бекітілген ипотекалық бағдарлама. Оның ішіне тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамалары шеңберінде, сондай-ақ қаржы институттарын ипотекалық кредиттеу құралдары және тұрғын үй құрылыс жинақтарының жүйесі шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарна үшін ақшалай төлем түріндегі материалдық көмек кіреді, — деді П.Хасанов.

Экономикалық мобильділік сертификаты қандастарға немесе қоныс аударушыларға қабылдау өңіріндегі тұрақты тұратын елді мекенде тұрғын үй сатып алу кезінде беріледі және тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде болғанымен 1160 АЕК-тен аспайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button