Әлеумет
Биыл Атырауда 100-ге жуық пәтердің иелері жаңа баспанаға көшіріледі
Тозығы жеткен 98 пәтердің 74-і бюджет, 24-і жеке инвесторлар арқылы жаңа үйге көшіріледі. Атырау қаласы әкімінің орынбасары Серік Бағытжанұлының айтуынша, реновация бағдарламасы Бейбітшілік, Байжігітова, Қожақаев көшелеріндегі үйлер мен Ақжар ауылында орналасқан 10 бөлмелі жатақхананы қамтып отыр.
– Стаханцева көшесі мен Азаттық даңғылындағы екі апатты үйлер жеке инвесторлар арқылы, барлығы 24 пәтер жаңа пәтерге көшірілетін болады, – дейді спикер.
Бұдан бөлек авариялық тұрғын үйлерді көшіру мақсатында бюджет тарапынан Береке шағын ауданында 240 пәтерлік тұрғын үй мен Баймұханов көшесінен 30 пәтерлік коммуналдық үй құрылысы салынуда.
Хұсни Хамза