Жарнама
Әлеумет

Атырауда әлеуметтік қорғау саласына қатысты «Ашық есік» күні өтеді

Атырау облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті 2025 жылғы 20 тамыз күні сағат 10:00-де «Ашық есік» күнін өткізеді.

Іс-шараның мақсаты – азаматтарға әлеуметтік қорғау саласындағы маңызды мәселелер бойынша кеңес беру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және ашық диалог орнату.

«Ашық есік» күні аясында келесі бағыттар бойынша білікті мамандардан кеңес алуға болады:

  • медициналық-әлеуметтік сараптама рәсімдері;
  • халықты әлеуметтік қамсыздандыру мен қорғауға қатысты өзекті сұрақтар;
  • мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері.

Өтетін орны: Атырау қаласы, Махамбет Өтемісұлы көшесі, №118Е үй, блок №2

Байланыс телефондары: 95-66-12, 95-66-13, 95-66-18, 95-66-19.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button