Жарнама
Әлеумет

Атырауда 3923 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

Атырау облысында  661 отбасындағы  3923 адамға 203,4 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Оның ішінде  487 отбасындағы 3074 адамға шартты ақшалай көмек, 179 отбасындағы 879 адамға шартсыз ақшалай көмек берілді.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетовтің айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың санаттарына жасалған талдау бойынша 18 жасқа дейінгі балалар – 68,9%, жұмыссыздар – 3,2%, көмекке жүгіну кезінде жұмысы барлар –10,3%,  зейнеткерлер – 0,5%, барлық топтағы мүгедектер – 0,7%, студенттер – 4%, бала күтімімен отырғандар – 11,3%, басқалары 1,1%-ды құрайды.

–Атаулы әлеуметтік көмектің шартты ақшалай көмек түрін алушылардың ішінде еңбекке қабілетті адамдар саны 816 адамды құрайды. Оның ішінде 405-і жүгіну кезінде жұмысы барлар, 128-і жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендер, 283-і бала күтіміндегілер, — дейді А.Мәмбетов.

Айта кету керек, 128 жұмыссыздың 91,4%-ы жұмыспен қамту шараларына тартылды, 22-сі  тұрақты жұмысқа, 89-ы қоғамдық жұмысқа, 6-ы әлеуметтік жұмысқа жіберілді. Сонымен қатар, АӘК алатын 566 отбасындағы 1 жастан 6 жасты қоса алғандағы 1089 балаға 26,9 млн. теңгеге қосымша төлем тағайындалды.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Суретті түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button