Жарнама
Әлеумет

Атырау облысындағы 285 мыңдай балаға 57 қорғаншы маман штаты ашылды

Өңірде қамқоршылық органдары мамандарының штат саны 5 мың балаға бір маман болып белгіленді. Қазіргі уақытта аудандар мен қалада қорғаншы мамандар жұмысқа қабылдануда. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

2024 жылы облыс бойынша кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссиялардың 165 отырысы өтіп, балалардың құқығын қорғау бойынша 472 мәселе қаралды. Комиссия шешімімен жыл ішінде 143 бала облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Қазіргі уақытта бұл орталықта 24 бала бар. Одан бөлек орталықтың мамандары құжатсыз келген 17 балаға әлеуметтік қолдау көрсетіп, құжаттарын қайта жасақтап, құқықтық кеңес беру бойынша жұмыстарды атқарды.

img 6869
Screenshot

-Былтыр елімізде бала мен әйел құқықтары, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша үш заңға өзгерістер енгізілген болатын. Бұл заңдар арқылы «Неке және отбасы туралы ҚР кодексіне 70 астам түзету жасалды. Осы өзгерістердің аясында жетім балалар үшін тәлімгерлік институты енгізілді. Нәтижесінде Атырау облысы бойынша отбасы үлгісіндегі балалар ауылындағы 10 жасқа толған 16 балаға тәлімгерлер тағайындалды. Оларды қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган қызметкерлері бекітілген талаптарға сай анықтап, тағайындайды. Сондай-ақ балалар мен ата-аналарға қолжетімді және ыңғайлы болу үшін өңірдегі барлық орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жеке «111» байланыс орталығының QR коды әзірленді. Нәтижесінде балаларға қатысты жасалған зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, буллинг үшін әкімшілік жауапкершілік және балаларды автобустан түсіруге тыйым салу қарастырылған. Үшінші заңдағы өзгерістерге сәйкес Атырау облысы бойынша 17 жасқа дейінгі 284 731 балаға 57 қорғаншы маман штаты ашылды. Енді әр баланың құқығын қорғау жұмыстары одан әрі жетіле бермек, — деді облыстық білім беру басқармасының басшысы М.Әбуов.

Айта кетейік, өңірде 353 педагог-психолог психологиялық қолдау қызметін көрсетеді және 208 мектепте медиация жұмыс жасайды.Сонымен қатар 2024 жылы желтоқсанда балалар мен ата-аналарды психологиялық қолдауға бағытталған Психологиялық қолдау орталығы ашылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button