Жарнама
Әлеумет

Әлеуметтік бағыттағы мәселелер шешімін тапса игі

Биыл Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауы ерекше жағдайда өтті. Барлық облыстардан жұртшылық өкілдерінің Жолдауды мемлекет басшысының аузынан тікелей тыңдауына мүмкіндік берілген. Үкімет үйіндегі Парламент палаталарының бірлескен мәжіліс залында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұқараның көкейіндегі өзекті мәселелерге назар аударды. Әсіресе ұнамдысы — әлеуметтік бағыттағы мәселелер жөнінде Үкімет пен тиісті құрылымдарға нақты тапсырма беруі.

Әлеуметтік әмиян жасақтау бұқараның тұрмысына ерекше ықпалын тигізетінін атап өткен Қасым-Жомарт Кемелұлы халықтың кибералаяқтықтың құрбанына айналып отырғанына, жол апаты салдарынан кісі өлімінің көбейгеніне, қылмыстың жолын кесу үшін құқық қорғау органдарының жұмысын күшейтуге тоқталды.

Жолдауда айтылған тағы бір мәселе — АЭС салу жөніндегі республикалық референдум күнінің нақтылануы. Әлемдік энергия тапшылығы жағдайында бұл өте маңызды. Сондықтан, АЭС құрылысын сапалы әрі жылдам салған жөн.

2025 жылдың “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жариялануы елде жұмысшы мамандықтарының ролі мен беделін көтерудегі мемлекет басшысының оң көзқарасы деп ойлаймын.
Бизнес ортаның халық мүддесіне жұмыс істеуі үшін кәсіпкерлер мүдделі болуы тиіс. Себебі кәсіп иесінің табысты болуы — халықтың тұрмысына тікелей байланысты.

Көлік жолы сапасының артуы елдің экономикасына тікелей әсер ететін фактор. Мемлекет басшысы оған да ден қойды.
Аудан, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлаудың да тиімді тұстары бар.
Әрине, Жолдауда бұдан басқа да мәселелер қамтылды. Енді соны жүзеге асыру — атқарушы органдардың қызметіне байланысты.

Назарбек ҚОСШИЕВ,
жазушы-публицист.
Астана қаласы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button