Жарнама
Әдебиет

«Жаңа туған ай» кітабының тұсауы кесілді

Бүгін Атырау қаласында Салтанат сарайының мәжіліс залында аймақ руханияты үшін тағылымы мол маңызды шара – «Жаңа туған ай» атты ғұмырнамалық кітаптың тұсаукесері өтті.

c4106f9b 9d23 42ae b738 507c05a3e7e6

Ізгі шараға зиялы қауым өкілдері, Ардагерлер кеңесінің мүшелері, мәдениет және өнер саласының майталмандары, әдебиетсүйер қауым мен жастар қатысты. Тұсаукесер Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі Сайпеден Сидағалиевтің авторлығымен түсірілген «Тұғыр төріндегі тұлға» атты деректі фильмнің көрсетілімімен ашылды.

Модератор атап өткендей, бұл кітап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтардың жылы» аясында жарыққа шығып отыр. Президент өз сөзінде: «Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек» деген болатын. Осы орайда, «Жаңа туған ай» еңбегі сол сөздің нақты көрінісіндей әсер қалдырды.

ffa16be3 a576 495d 882e ce3b3e2cb0d8

Жаңа кітап – еңбек майталманы, Атырау облысының Құрметті азаматы Жанай Берқалыұлының өмір жолына арналған. Трактор тізгінінен бастап ел құрметіне бөленген тұлғаның өнегелі ғұмыры көрермендерге ерекше әсер етті.

Кітаптың тұсаукесер рәсімін елімізге танымал сазгер, өнертанушы, Қазақстанның Еңбек Ері Илия Жақанов пен облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Сақтайұлы Өтешов жүргізіп, оқырманға жаңа туындыны таныстырды.

05227131 45a0 4746 843f 64707a53bdce

Жиында алғашқы болып сөз алған Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Құрметті профессоры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі Төлеген Жаңабайұлы кітаптың құрылымына тоқталып, шығармада еңбек адамының рухы мен төзімі, қарапайым тірліктің күрделі философиясы көркем тілмен өрілгенін атап өтті. Сондай-ақ, туындының жас ұрпаққа үлгі, өскелең буынға бағыт екенін ерекше айтты.

adefd0cc b5bf 4444 9135 5ec2642f5774

Салтанатты жиында өзге де ел ағалары сөз сөйлеп, кітап авторына алғыстарын білдіріп, тың туындының ұлт руханиятына қосылған құнды үлес екенін жеткізді.

3cb13d77 e9a6 4615 8874 2ad70b8e8958

Жиын соңында «Жаңа туған ай» кітабы салтанатты түрде оқырманға жол тартты.

c6b8cf84 6ab9 46cd a501 ea01b83b7b1e


453159db 6247 45b5 954e 84598b6e2e4a
d0ae3e8a 1a15 427f b646 7148cb4ac0c3
ec4b1918 feec 4427 a705 1a7a52885011

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button