Жарнама
Әдебиет

Атыраулық жазушы республикалық әдеби байқауда жеңімпаз атанды

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында елордада «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Биылғы байқау қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналды.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген шығармалар арасынан атыраулық жазушы әрі мұғалім Рамазан Жеткізгенұлы үздіктер қатарынан табылып, «Проза» номинациясы бойынша жүлделі екінші орынды иеленді. Бұл туралы “AMANAT” партиясы Атырау облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

img 3715

Рамазан Жеткізгенұлы 2001 жылы 15 қарашада Атырау облысы, Мақат ауданында дүниеге келген. Орта мектепті тәмамдағаннан кейін, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алып, оқуын үздік аяқтаған. Ұстаздық қызметімен қатар, шығармашылыққа да ерекше көңіл бөлген Рамазан бұл марапат арқылы өзінің әдебиетке деген сүйіспеншілігін дәлелдеп отыр.

img 3714

Бесінші рет ұйымдастырылған «Ұлы дала» байқауына биыл 150-ге жуық туынды ақтық кезеңге іріктеліп, барлығы арнайы http://ikyn.kz сайтында жарияланды. Атырау облысынан үш бірдей шығарма ұсынылып, оның ішінде Рамазанның туындысы жоғары бағаланды.

Бұл байқау жас авторларға үлкен шабыт беріп, әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға жол ашады. Ал Рамазанның жетістігі Атырау өңіріндегі шығармашыл жастарға үлгі болмақ.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button