Жарнама
Әдебиет

Атырауда Халықаралық Махамбет әдеби сыйлығы табысталды

Махамбет тақырыбы – мәңгі өлмейтін рух тақырыбы. Махамбет образы – азаттық пен ақиқаттың символы ретінде ұлт әдебиетінің, халық тарихының төрінде тұр. Атырауда қазақтың дауылпаз ақыны, батыры Махамбет Өтемісұлының рухына арналған ерекше әдеби шара – Махамбет поэзиясы күні жоғары деңгейде аталып өтті. Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында өткен тағылымды жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен ақын-жазушылар, әдебиеттанушылар, зиялы қауым өкілдері, өнер майталмандары мен жас қаламгерлер қатысты.

ac8476e0 39ad 4a62 88e2 a5f2cba4838a

Бұл күні театр фойесінде Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап және көркемсурет көрмелері көпшіліктің назарына ұсынылды. Келушілер Махамбет әлемін танып, сөз өнері мен ұлттық рухтың түп-тамырынан сыр тартқан құнды дүниелермен танысты.

f22cb213 fc57 4f4b b7fc a9c146071282


Шараның шымылдығы «Ерен еңбегі үшін» меделінің иегері Ж.Жәмиевтің орындауындағы дауылпаз ақынның “Жұмыр қылыш” күйімен ашылды. Салтанатты жиында құттықтау сөз алған Қазақстар Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов бұл шараның ел руханияты үшін маңызына тоқталды. Кеш барысында Халықаралық Махамбет әдеби сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Мәртебелі марапатқа ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Иранбек Оразбаев және сыншы, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әлия Бөпежанова ие болды.

231ee711 ad4d 4034 8135 ceb0a4714e78

Марапаттау рәсімі аяқталған соң жиналған қауым театр сахнасында қойылған Тәкен Әлімқұловтың “Қош бол, Қарой” драмасын тамашалады. Бұған дейін шара аясында әдебиет қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері Қаройдағы Махамбет мазарына арнайы барып, тағзым еткен болатын.

Еркеназ ҚАЛИЖАН
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button