АТЫРАУ АСЫЛ МЕКЕН – МАХАББАТЫМ!

Уа, Атырау!
Бабалар кескен кіндігін,
Аналар ашқан ақ отауының түндігін.
Тағылым тарих, тереңге жайған тамырын,
Ұрпағың мынау мақтан ететін күн бүгін.

 

Уа, Атырау!
Не зұлмат өткізбедің?
Бұл заманға оңайлықпен жеткізбедің.
Ту ұстаған Исатай, Махамбетің,
Халқымның биік көтерді көк күмбезін.

Уа, Атырау!
Ақындарға ән салдырдың,
Мұнаймен бар ғаламды тамсандырдың.
Мұнай – газ салаларын дамытуда,
Әлемдік жобаларды қолға алдырдың.

Уа, Атырау!
Асыл мекен – махаббатым,
Мұнайдың астанасы аталатын.
Ешқашан өшпес сенің мәңгі атың,
Бар әлемге жетеді ғой шапағатың,
Менің қалам, өзіңсің, махаббатым!
Ақнұр ИСАТАЕВА,
Құрманғазы ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз