АТЫРАУ – МАҚТАНЫШЫМ!

Армысың, Атырауым, туған өлкем!
Мен балаң, ер жеткен соң шеттеу кеткен.
Араға жылдар салып оралдым-ау,
Сахара, байтақ далам, өзіңе мен.

 

Сағынышты бір сезім бойды билей,
Жүруші еді жаныма тыным бермей.
Келгенде, о, туған жер, алтын бесік,
Қарсы алдың самалыңмен мені тербей.

Мұнайлы өлкем менің, алтын ұям,
Біледі бүгін сені барша ғалам.
Қазақтың маңдайдағы жұлдызындай,
Жасай бер, жарқырай бер, алып қалам!

Закария АЛЖАПАРОВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз