Год: 2024
-
Құқық
Атырау алақандағыдай көрінеді
Мемлекет басшысы «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын бекіткен болатын. Оны жүзеге асыру құзырлы құқық қорғау орган – Ішкі істер министрлігіне жүктелген. Осы орайда ел бойынша «Қауіпсіз қала» жобасы жасақталып, бейнебақылау камералары көшелерді қауіпсіздендіру мақсатында тәулік бойы қырағы бақылайды. Ал, тұрғындар өздерін қауіпсіз сезіне ме? Тақырып төңірегінде атқарылып жатқан жұмыстарды сараптап көргенді жөн көрдік. Бейнекамера бақылап тұр Бүгінгі заманауи бейнебақылау камералары қылмыстың алдыналуда, құқықбұзушылықты анықтауда полиция қызметкерлерінің сенімді көмекшісіне айналып отыр. – Жедел басқару орталығының камераларында қаланың қым-қуыт тірлігі алақандағыдай көрінеді. Біздің орталықты полиция басқармасының «жүрегі» десе де артық емес. Бейнекамералар қаладағы өмірді жақсартуға, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Бұл камералар жол қозғалысы ережелерін сақтаудың алдыналып, құқық бұзушылықтың жолын кеседі. Қаладағы барлық көлік ағыны мен күдікті адамдардың қозғалысын бақылау. Жедел басқару орталығы арқылы жүзеге асырылады. Бейнекамералар көп жағдайда халық көп жиналатын жерлерге, басты көшелерге, әлеуметтік нысандардың маңына, қаладан кіріп-шығатын жолдарға орнатылған, — деді Жедел…
Read More » -
Спорт
Аппарат басшысы чемпион атанды
Ақтөбе қаласында жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасындағы дәстүрлі Спартакиада басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының…
Read More » -
Инфрақұрылым
Биыл «Атырау-Астрахан» тасжолы пайдалануға беріледі
Жолды көлікпен жүріп өту уақыты 2,5-3 сағатқа дейін қысқарады. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев айтты. Ведомство басшысы облысқа жұмыс…
Read More » -
Әлеумет
Жұмысқа әркімнің-ақ бар таласы
Бүгінгі таңда аймақ бойынша 17 867 адам ресми жұмыссыз ретінде тіркелген. Соның ішінде 900-ден астамы мүгедектігі бар жандар. Өңірдегі жұмыссыздықты…
Read More » -
Медицина
Ақ халаттыларға көмек көрсетіледі
Биыл 100-ден астам медицина қызметкерлеріне әлеуметтік көмек көрсету жоспарланды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. Атырау облысында өткен жылдан бастап өзге өңірлерден…
Read More » -
Инфрақұрылым
Құрманғазыда инфрақұрылым жаңғыртылуда
Бұл Бөкейхан және Кудряшово ауылдық округтерінде жүріп жатыр,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы Мұратбек Мұхитовтың…
Read More »