Президент Қызылорда облысында жол апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

Atr.kz/3 желтоқсан, 2019 жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында болған автобус апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Президенттің «Twitter» парақшасына сілтеме жасап.  «Қызылорда облысында автобус апатынан қаза тапқан адамдардың туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі. Жол қауіпсіздігі тиісті ведомстволар мен әкімдіктердің ерекше назарында болуы тиіс» деп […]

Continue Reading

Махамбет ауданында жағалауды су шайып кетуі салдарынан Жайық өзені елдімекенге жақындап келеді

Atr.kz/3 желтоқсан, 2019 жыл. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Махамбет ауданында болып, алда атқарылатын Жайық өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарымен танысты, – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.  Жайық өзенінің көктемгі су тасу кезінде Махамбет селосының аумағын басып кету қаупі жоғары болып отыр. Жыл сайын Жайықтың жағалық сызбасы Махамбет селосына қарай жылжып келеді. Соңғы 10 […]

Continue Reading

Атырау облысындағы электр энергиясымен жабдықтаудағы іркілістер жөнінде монополистер түсінік берді

Atr.kz/3 желтоқсан, 2019 жыл. Өңірлік коммуникациялар қызметінде электр энергиясымен жабдықтаудағы іркілістер мәселесі бойынша брифинг болды. Журналистердің сауалына «Атырау ЖЭО» АҚ, «Атырау Жарық» АҚ, KEGOK басшылары, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жауап берді.    «Атырау ЖЭО» АҚ президентінің айтуынша, 1 желтоқсанда сағат 11.20-да кәсіпорында станция жұмысының технологиялық режимінің бұзылуы орын алған. Осыған байланысты, Атырау ЖЭО электр […]

Continue Reading

Ауғандық жауынгерлер Қазақстандағы соғыс ардагерлері мәртебесін алады

Atr.kz/3 желтоқсан, 2019 жыл. Еңбек министрлігі әзірлеген «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына ұсыныстар талқыланды.  Бұл Заң соғыс және еңбек ардагерлерінің Қазақстан Республикасының Парламентіне, Үкіметке және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдаған көптеген өтініштеріне байланысты әзірленгенін атап өтті. Құжат қолданыстағы заңнамаға сәйкес ардагерлерге берілетін барлық жеңілдіктер мен кепілдіктерді біріктіреді. Заң жобасының аясында: ардагерлердің 5 […]

Continue Reading

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 148,4 млрд теңге несие мақұлданды

Atr.kz/3 желтоқсан, 2019 жыл. 7-20-25 бағдарламасы аясында 22 094 несие алуға өтініш қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  «7-20-25 бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылғы 28 қарашадағы жағдай бойынша 249,7 млрд теңге сомасына 22 094 өтінім қабылданды. Оның ішінде 148,4 млрд теңге несиеге 12 955 өтінім мақұлданды», – деп хабарлады Ұлттық банк.  Еске салайық, 7-20-25 бағдарламасы бойынша […]

Continue Reading

Қар, бұрқасын, көктайғақ – сейсенбіге ауа райы болжамы

Atr.kz/3 желтоқсан, 2019 жыл. «Қазгидромет» РМК 3 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сейсенбі күні Қазақстан территориясының басым бөлігі циклонның әсерінде болады, сонымен байланысты солтүстікте және солтүстік батыстың басым бөлігінде қар жауады. Тек  республиканың батысында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі сақталады. […]

Continue Reading