Электронды үй кітапшасы неге қажет?

1111 0 2 Шаһар шырайы

Елімізде электронды үй кітапшасын жасақтау процесі бастау алды. Бұл кез келген азаматтың пәтерінде немесе үйінде қанша адамның тіркелгендігін білуге мүмкіндік береді.

1111_0

Расында да, үй кітапшалары қолданыстан шығарылған соң кейбір мүмкіндіктер жойылды. Электронды кітапша осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында жүзеге асырылып отыр. Сондай-ақ, коммуналдық және өзге де мекемелер әкімдіктер арқылы аталған жүйеден мәліметтер ала алады. Олар пәтерде нақты қанша адамның тұратындығын және төлемдерді білуге мүмкіндігі бар.

Осы орайда, мына мәселеге назар аудару керек. Яғни, әрбір тұрғын үйде мекен-жайды тіркеу коды болуы қажет. Облыстық ішкі істер департаменті Көші-қон қызметі басқармасының мәліметіне сүйенсек, аймақ тұрғындарының 21 пайызына ғана мекен-жайды тіркеу кодына түзетулер енгізілген. Ал, ескі тұрғын жайлар туралы, әсіресе, ауылдық жерлердегі ертеде салынған баспанаға қатысты мәліметтер тек қағаз жүзінде қалған болуы мүмкін. Сол себепті, электронды үй кітапшаларына дұрыс мәліметтердің енгізілуін қамтамасыз ету мақсатында жақын жерде орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталықтарына меншік иесі өзінің және отбасы мүшелерінің құжаттарымен келіп, тіркеу кодының бар екендігіне көзін жеткізуі керек. Жекелеген жағдайларда адам тіркелгенімен, оны жүйеге енгізу мүмкін болмай қалатын жайт кездеседі.

Сонымен қатар, адамдарды тұрақты немесе уақытша тіркеу, құжаттандыру мекен-жай тіркеу коды болған жағдайда ғана жүзеге асырылатындығын ескеру қажет. Электронды үй кітапшасы биыл іске қосылады деп күтілуде.

Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз