Тағы 142 адам тіркелді: Атырауда коронавирус жұқтырған үш науқас жансақтау бөлімінде жатыр

13438294 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/19 мамыр, 2020 жыл. «Ауыр халде жатқандардың үшеуі де  Теңіз кенішінің жұмысшылары. Сонымен бірге бүгін Теңіз кенішінде тағы 142 адамнан инфекция расталды» деп хабарлайды Атырау облысының шұғыл штабы.


Штабтың мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта  1964, 1982, және 1981 жылғы үш ер адам жансақтау бөлімінде жатыр. Оларға өкпені жасанды желдету аппараты қосылған.


– Жансақтау бөлімінде төрт науқас ем алған болатын. Олардың ішінде  біреуінің жағдайы жақсарып, жансақтау бөлімінен палатаға  ауыстырылды,  жағдайы тұрақты, – делінген штаб хабарламасында.

Бүгін облыста коронавирус инфекциясының тағы 142 дерегі тіркелді. Олардың барлығы Теңіз кенішінің жұмысшылары.

Күні бүгінде 174 адам емделіп шықты, 595 адам емделу үстінде.

Аймақ бойынша коронавирус инфекциясы 769 адамда расталып отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз