Мұғалімдер 176 миллион теңге үстемеақы алды

Білім Ел жаңалықтары Жаңалықтар Әлеумет әлеуеті

Atr.kz/ 17 сәуір, 2019 жыл.Еліміздің прокуратура органдарының қадағалау актісі бойынша педагогтарға 176 млн теңгеден астам төленбеген үстемеақы төленді. Бұл жайында ҚР Бас прокуратурасынан мәлім болды.

«Прокуратура органдары жалпы білім беретін мекемелер қызметкерлерінің еңбек құқықтарының сақталуын талдау барысында еліміз бойынша 15 305 педагогқа 2016-2018 жылдардағы оқу кезеңінде инклюзивті білім беру аясында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмыс істегені үшін үстемеақы төленбей келгенін анықтады», – деп атап өтеді ведомстводан.

Бас прокуратураның мәліметінше, аталған қызметті көрсеткені үшін қолданыстағы заңнамада педагогтарға жалақыдан 40 пайыз мөлшерінде үстемеақы көзделген. Прокурорлық қадағалау актілерін қарау нәтижесі бойынша заң бұзушылықтар жойылып, жоғарыда көрсетілген қызметкерлерге 176, 2 млн теңге мөлшерінде төлемдер жүзеге асырылды.

Дереккөз: “ҚазАқпарат”

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *