Мемлекет басшысы Атырауға сапары аясында мұнай-газ саласының үздіктерін марапаттады

photo Жаңалықтар

Atr.kz/5 қыркүйек, 2019 жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауға жұмыс сапары аясында «Жайық» мәдени-спорт кешенінде өтіп жатқан Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысты.

Салтанатты жиын барысында Президент ел экономикасында шешуші роль атқаратын мұнай – газ саласын дамытуға үлес қосқан бір топ азаматтарды марапаттады. Олардың қатарында Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов бар.

«Мұнай экспорттайтын елден жанармай экспорттайтын деңгейге жеттік. Мұнда отырғандар – нағыз майталмандар. Ендігі болашақ – мұнайды тереңдетіп өңдеуде» деген Президент  «Отан» орденін Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетовке тақты.

«Ұзақ жылғы еңбегімнің еленгеніне ризашылығымды білдіремін. Мұндай жоғары марапатты Атырауда иеленіп жатқаныма қуаныштымын»  деді депутат  Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Салтанатты шара аясында Мемлекет басшысы осы салада ұзақ жыл қызмет еткен мамандар мен еңбек ардагерлерін марапаттады.

Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз