Атыраудың абызы, соғыс ардагері Айдын Айбаров дүниеден өтті

Қоғам

Ұлы Отан соғысының ардагері, Атырау облысының құрметті азаматы Айдын Айбаров жүз жасқа қараған шағында өмірден озды.

Айдын АЙБАРОВ 1921 жылы 16 қазанда Мақат ауданының Доссор ауылында дүниеге келген.

Соғыс жылдары 49-шы жеке ұшу полкінде барлаушы ұшқыш, 956-шы шабуылдау авиациясы полкінде ұшқыш ретінде қызмет етті.

Беларуссия мен Пруссияны азат етуге қатысты. Отан соғысы орденімен, II дәрежелі Даңқ орденімен, «Ерлігі үшін» және «Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

Өзінің қадірлі жасына қарамастан, ақсақал өмірінің соңына дейін облысымыздың қоғамдық өміріне белсене араласып, өскелең ұрпақ үшін жарқын үлгі қалдырды.

9 мамырда Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Ұлы Отан соғысының ардагері Айдын Айбаровқа жеке барып, оны Жеңіс күнімен құттықтаған болатын. Үрмелі аспаптар оркестрінің музыканттары ардагер үйінің ауласында соғыс жылдарының әндерін орындаған еді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз