
Жаңалықтар
Малды қорлап өлтірген қасапшының үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр
Atr.kz/13 қараша, 2019 жыл. Жылқыны азаптап өлтірген мал сою пунктінің қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр.
Бұл туралы Atr.kz редакциясына Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз-хатшысы Назымгүл Қайсағалиева хабарлады.
«Махамбет ауданына қарасты мал сою пунктінде орын алған жағдайға байланысты, видеодағы қызметкер анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта аталмыш оқиғаға байланысты, ҚР Қылмыстық кодексінің 316 бап, 1 бөлімі бойынша тергеу амалдары жүруде» деді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз-хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.
Еске сала кетелік, бұған дейін Atr.kz сайтында жануарды азаптап өлтірген қасапшының видеосы жарияланған болатын.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА
Оте дурыс малды корлауга болама