Махамбет ауданында ауыл әйелдерінің форумы өтуде (+ФОТО)

Аудан хабарлары Басты жаңалық Ел жаңалықтары Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ

Atr.kz/20 қыркүйек, 2019 жыл. Бүгін Махамбет ауданында мұнай өңір әйелдерінің форумы басталды.

Бұл шараға қатысушылар алдымен аудандық орталық аллеяда ұйымдастырылған көрме-жәрмеңкеге жиналды.  Әр ауданнан жиналған шаруа қожалықтары мен түрлі кәсіп иелерінің өнімдерін қызықтаушылар қатары көп болды. Азық-түлік өнімдерімен қатар, шаруашылық бұйымдары да, қолөнер туындылары да, ат әбзелдері мен қару-жарақтар да көрмеге қойылған ұлттық құндылықтар қатарынан табылды.

Бұдан соңфорум жұмысы «Өнерпаз» мәдениет үйінде жалғасты. Форум ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өтуде.  

Форум жұмысына облыс әкімінің орынбасары Айгүл Әжіғалиева, «Жасыл экономика» үшін және  G-global дамыту коалициясы»  заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы, ҚР Президенті жанындағы жасыл экономикаға өту кеңесінің мүшесі Салтанат Рахымбекова, «Атырау облысының іскер әйелдері» қоғамдық бірлестігінің басшысы Нұрлы Әйтиева және әр ауданнан арнайы шақырылған делегаттар қатысуда.

Шара барысында «Менің жетістігімнің тарихы» шеруі ұйымдастырылмақ. Бұл – бүгінгі форумның басты ерекшелігі. Әр салада табысқа жетіп жүрген нәзікжандылар өз тәжірибесімен бөліспек.

Аталған форум туралы толығырақ «Атырау» газетінің алдағы санынан оқи аласыздар.

Фото – Ерлан АЛТЫБАЕВ

Гүлжан ӘМІРОВА,

Махамбет ауданы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *