Атырауда аязды ауа райы жалғасады

screenshot 11 1 Жаңалықтар

«Казгидромет»  Атырау  филиалының деректеріне сәйкес, 11 қаңтарда түнде Атырау облысы бойынша -30 градус қатты аяз күтілуде.

 «Атырау облысының тұрғындары мен қонақтары көшеде ұзақ уақыт болудан аулақ болыңыз, үсік шалудың алдын алу бойынша шаралар қабылдаңыз, мұқият болыңыз, ауа-райының өзгеруі туралы ақпаратты жіті қадағалаңыз, алыс жолға мүмкіндігінше шықпауға тырысыңыз, аяз кезінде балаларды далаға шығармаңыздар, жылыту пештері мен тұрмыстық жылыту құрылғыларын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар!», – деп ескертеді Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөмірі арқылы құтқару қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз!

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз