Әлеуметтік желілерде Атырауда аяусыз ұрып-cоққан жігіттің видеосы пайда болды (ВИДЕО)

Жаңалықтар Шаһар шырайы Қоғам

Әлеуметтік желілерде Атырауда аяусыз ұрып-cоққан жігіттің видеосы пайда болды. Бұл туралы «Мой Город» порталы хабарлайды.

Видео @atyrauoil паблигінде жарияланған. Бейресми мәлімет бойынша, жас жігіттердің өзара жанжалы Авангард 4 ықшам ауданында болған.

Видеода жас жігіт көлік иелерінің бірін аяусыз ұрып жатқаны анық көрінеді. Зардап шегуші тізе бүгіп, басын қорғамақ болып қымтанған. Арада аз уақыт өткен соң, жүргіншілер жаға жыртысқан жас жігіттерге келіп, оларды айырғаны байқалады. Қазіргі уақытта қай көлік иесінің бұл жанжалға қатысы бар екені белгісіз.

Атырау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты әзірге ешқандай ресми ақпарат берген жоқ.

Айқара Ғұмар

Видео mgorod.kz сайтынан алынған

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *