Көпқабатты тұрғын үйлердің жеке жылыту қазандықтары заңдастырыла ма? (+ФОТО)

FB IMG 1547917137425 Жаңалықтар

Мақат ауданындағы көшпелі отырыста тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелер талқыланды.

FB_IMG_1547917137425

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Мақат ауданында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша көшпелі отырыс өткізді, – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аймақта атқарылған жұмыстар туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Иғалиев баяндады. Көп қабатты тұрғын үйлердің жеке жылыту қазандықтарын бір орталықтан жылытуға көшіру немесе заңдастыру мәселесі әлі өзекті болып отыр.

FB_IMG_1547917141745
– Қалалар мен аудандардың әкімдерінің тапсырмасы бойынша көп қабатты тұрғын үйлерге, денсаулық сақтау ұйымдарына қазандықтарды қауіпсіз пайдалану және олардың техникалық жағдайын тексеру үшін барлық құзырлы органдардың қатысуымен арнайы комиссия құрылды,-деді Мұрат Иғалиев.

FB_IMG_1547917143687

– Көп қабатты тұрғын үйлердегі жылыту қазандығының орнатылуы тиісті талаптарға сай келмейді. Облыс бойынша 7517 пәтердің жабдығы заңдастырылмаған.
Облыс бойынша барлығы 1657 көп қабатты тұрғын үй бар. Заңсыз жылыту қазандықтарының жағдайы тұтынушыларға ғана емес, жақын маңда орналасқан нысандарға да қауіп төндіреді.
Мұндай проблема облыс орталығынан басқа барлық аудандарда бар. Соңғы жылдары 5120 пәтердің жылыту жабдығы заңдастырылды, 2397 тұрғын үйдің иелерімен жұмыстар жалғасып жатыр.
– Бұл адамдардың қауіпсіздігіне қатысты мәселе. Алдын алу шараларын күшейтіп, тұрғындарға мұндай жұмыстарды жүргізудің қажеттілігін түсіндіру керек. Дұрыс жұмыс істемейтін жылыту жүйелерінің кесірінен күн сайын әлемде қаншама қайғылы оқиғалар болып жатыр. Осындай жағдайлар болмасын десек, тиісті жабдықты заңға сай орнату керек, -деді Нұрлан Ноғаев.

FB_IMG_1547917146445
Жиында аймақтағы жылумен қамту мәселесі де көтерілді. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңірде 402 оқу орыны, 158 медициналық мекеме, 281 әлеуметтік мекеме, 1657 тұрғын үй үзіліссіз жылу жүйесімен қамтылған. Аймақта жылыту маусымына дайындыққа 8,4 млрд теңге бөлінді.
Түгендеу жұмыстарының нәтижесінде 520 км жылу желісінің 31 шақырымы иесіз екені анықталды. Жыл басындағы жағдай бойынша коммуналдық қызметтерге дебиторлық қарыз 27 млн теңге. Иғалиевтің айтуынша, қазір құзырлы органдар осы мәселемен айналысып жатыр.

FB_IMG_1547917139851
Жиналыста өңірді газбен қамту және электрлендіру мәселесі де айтылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар 2020 жылы облыстың 153 елдімекенін газбен қамтуға мүмкіндік береді, ол 93,2%.
164 елдімекен электерлендірілген (97,5%). Исатай, Құрманғазы аудандарындағы 4 елдімекенге қатысты мәселе жақын арада шешімін табуы тиіс.
Отырыс барысында Мақат ауданының әкімі Жұмабай Қарағаев пен Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Сағынбек Өмірзақовтың баяндамалары тыңдалды.
Жиынды қортындылаған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы проблемалық мәселелерді шешуге оң үрдіс бар екенін атап өтті. Жергілікті атқарушы органдардың басты міндеті аймақты дамытуға қатысты жұмыстардың атқарылуы, ол өз кезегінде аймақ тұрғындарының әл-ауқатының көтерілуіне септігін тигізеді.
– Мемлекет басшысы еліміздегі сапалы экономикалық өсім мен өмір сүру деңгейінің көтерілуін міндет етіп қойды. Бүгін қаралған мәселе – ТКШ саласында әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу – халықтың әл-ауқатына тікелей байланысты. Газбен қамтуды ретке келтіріп, аймақты сапалы ауыз сумен қамту, үздіксіз электрмен жабдықтау – біз күн сайын осы мәселелермен айналысуымыз керек, – деп қортындылады Нұрлан Ноғаев.

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз