Енді мал ұрлығы үшін 12 жылға дейін түрмеге отырғызу жазасы бар

Жаңалықтар

Atr.kz/10 қаңтар, 2020 жыл.  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының  депутаты  Ғұмар  Дүйсембаев, Мәжіліс депутаттары Бақтықожа Ізмұхамбетов, Бейбіт Мамраев Құрманғазы ауданына келді.

Олар алдымен құрылысы жүріп жатқан «Ақтөбе – Атырау – Астрахан» автожолының, Қиғаш  өзенінің  түбін тереңдету жұмыстарының техникалық құжаттарымен танысып, мердігер мекеме өкілдерінің атқарған істері жайлы хабарламасын тыңдады.

Құрманғазы аудандық  мәдениет  үйінде тұрғындармен кездесуде Мәжіліс депутаты Б.Ізмұхамбетов өткен жылдың қазақстандықтар үшін сәтті жыл болғанын айтып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірқатар маңызды заңдарға қол қойғанын қаперге берді.

Мал ұрлаушыларға жаза күшейтілді, ол ауыр қылмыс санатына жатқызылатын болды. Сұғанақтық жасап, біреудің ақ адал малын қолды еткендер 7 миллион теңге көлемінде айыппұлдан бастап, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Алдын-ала сөз байласып адамдар тобымен жасалса 7 жылға дейін, ал, қылмыстық топ құрса, 12 жылға дейін түрмеге отырғызылады.

Атырау  өңіріндегі ең өзекті мәселелердің бірі – браконьерлікке де заң шарасы күшейтілді. Осы жылдан бастап заңсыз аңшылық және балық аулау тәртіп бұзу қатарынан шығарылып, орта деңгейдегі қылмыс санатына енгізілді. Миллиондап айыппұл төлеу мен бас бостандығынан айыру сияқты жаза түрлері қарастырылады. Сондай-ақ, педофи – лия қылмысының, есірткі жарнамалаудың, арақ ішкен мас күйінде көлік жүргізудің де жазалары күшейтілді. Келесі кезекте сөз алған Сенат депутаты Ғ.Дүйсембаев  Атыраудың  донорлы аймақ бола тұра автокөлік жолдарының нашар екенін айтып өтті.

 – Атырау өңірінде су мәселесі өте өткір күйінде қалып отыр. Мен Ресей мен Қазақстан арасындағы ортақ комиссияның мүшесі ретінде Жайық суының азайып кетуіне алаңдаушылық    білдіріп  отырдым.

Мемлекетаралық деңгейде шешілуіне атсалысып келеміз, бұл іске ғалымдарды тартуымыз  қажет.  Ресей  жақтағылардың өздері бірбірімен тіл табыса алмай жүр, – деген Сенат депутаты басқа да қордаланған мәселелерді сөз етті.

Мәжіліс  депутаты  Б.Мамраев «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасына қатысты түсінік берді. Жиында ардагер журналист Таңатар  Дәрелұлы Орлы, Жаңаталап ауылдық округтерінің ішкі және кіреберіс жолдарын салуға, Ақкөл  және  Көптоғай ауылдарының тозығы жеткен электр желілерін қалпына келтіруге атсалысуды  депутаттардан өтініш етті. Ақкөл ауылдық округі ардагерлер ұйымының төрағасы Әбубакар Юсупов Қиғаш ауылы мен Атырау қаласы аралығына күнбе-күнгі дербес пойыз қатынасын шығаруға ықпал етуді сұраса, аудандық мәслихат депутаты Бержан Кенжебаев 382 шақырымды құрайтын Азғыр жолына алаңдаушылығын білдірді.

Айтылған ұсынысөтініштерді мұқият тыңдаған Парламент депутаттары бірқатарына сол мезетте жауап берсе, кейбірі Үкіметтік деңгейде шешілетін болғандықтан қаперге алынып, мәселені шешу жолдары қарастырылатындығын айтты.

Айбек НӘЖІМОВ, Құрманғазы ауданы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *