Еліміздің Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атыраудағы департаментіне жаңа басшы тағайындалды

EGOV Жаңалықтар

Atr.kz/10 ақпан, 2020 жыл. Агенттіктің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Мүксімов Салауат Сыйлыбайұлы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Мүксімов Салауат Сыйлыбайұлы 1980 жылы дүниеге келген, Атырау облысының тумасы. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» профилі бойынша PhD докторы.Еңбек жолын 2001 жылдан бастаған. 2001-2005 жылдары – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университенің оқытушысы болып, 2005 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты аппаратында қызмет атқарған.

2013-2014 жылдары – «Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат Басқармасы»  ММ-нің басшысы, 2015-2016 жылдары аралығында  – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде түрлі лауазымдарды атқарған.

2016 жылдың қыркүйегінен бастап 2018 жылдың мамырына дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Департаментінің директоры қызметін атқарған.

2018 жылдың мамыр айынан бастап – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің Төрағасы лауазымында болды.

2019 жылдың тамыз айынан бастап – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің Төрағасы қызметін атқарып, бұдан былай Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін  атқарады.

Мүксімов Салауат Сыйлыбайұлы – «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерекелік медальімен марапатталған, “Құрмет” Орденінің иегері.

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Тағы оқыңыз:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *