Балабақшалар ашылады: Атырауда ертеңнен бастап қандай нысандардың ашылатыны белгілі болды

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Аtr.kz/17 мамыр, 2020 жыл. “Atr.kz” сайты оқырмандарға Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің толықтырылған Қаулысын ұсынады.

Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекция (COVID-19)  ауруының алдын алу бойынша шаралар туралы» 2020 жылғы 10 мамырдағы №44-ПГВР қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Мен, Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Мусағалиев Темірбек Сарымович коронавирус инфекциясының таралуын ескерту мақсатында, «Халық  денсаулығы және халық саулығы жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 150-бабына сәйкес, Атырау облысы аумағында COVID-19 ауруының тіркелуіне және ауру деңгейінің 7 күн ішінде 7 пайыздан жоғарылауына байланысты  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай және жұмыс уақытын шектей отырып, 2020 жылғы 18 мамырдан бастап сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін келесі кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдарды жұмыстарына рұқсат беріледі:
1.1. білім беру орталықтары, жазылу арқылы үйірмелер (топта 5 адамнан аспайтын репетитор, тілдік және т. б.),
1.2. ауданы 2 мың ш.м. дейінгі азық-түлік емес дүкендер.         

2. Атырау облысының Білім беру басқармасы:
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы №36 қаулысының 14 қосымшасына сәйкес күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, 2020 жылғы 20 мамырдан бастап мектепкі дейінгі ұйымдарда (барлық меншік нысандары бойынша) кезекші топтар жұмысын ұйымдастырып, балаларды қабылдасын (екі ата-анасының немесе қамқоршыларының және асырап алушыларының жұмыс орнынан анықтаманы ұсыну арқылы).

3. Атырау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті:
Қызметін қайта бастаған объектілерге профилактикалық шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу.

4. Аталған қаулының орындалуын өзіме қалдырамын.

5. Аталған қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Т.Мұсағалиев,

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған