Бүгінгі жастар өздерінің ертеңгі қамсыз болашағы үшін қандай мәселелерге көңіл аудару керек?

33 main Жаңалықтар

Atr.kz/6 желтоқсан, 2019 жыл. Биылғы жыл барша қазақстандықтар үшін ерекше жыл. Елбасының ұсынысымен 2019 жыл – Жастар жылы деп жарияланған болатын.

Тұңғыш Президент жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды, өйткені жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Жастар жылы аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тарапынан қандай шаралар атқаруда? Бүгінгі жастар өздерінің ертеңгі қамсыз болашағы үшін қандай мәселелерге көңіл аудару керек? Осыған орай біздің тілшіміз «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Қозыбақ ҚҰЛБАРАҚОВ мырзаға жолығып, ұжымның бүгінгі тынысы жөнінде сұхбаттасқан болатын.

– Қозыбақ Әбуұлы, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халық арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын қалай ұйымдастырып жатқандығына тоқтала кетсеңіз?

– Шынынд а д а , Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, оның зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтарынан қарапайым халық үнемі хабардар болып отыруы керек. Тұрғындар арасында БЖЗҚ туралы ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында үгіт-насихаттың түрлі әдіс-тәсілдерін кеңінен пайдаланып отырамыз. Мәселен, 29 қараша күні «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы ғимаратында азаматтарға «Ашық есік» күні шарасы өткізілді. Онда филиал мамандары келушілерге қазіргі зейнетақымен қамсыздандыру саласына қатысты ең бір маңызды сұрақтардың бірі – болашақ зейнетақыны қалыптастыру жайы түсіндірілді. Өйткені, әрбір Қазақстан азаматы болашақта лайықты зейнетақы алуды армандайды. Ал, бұған қалай қол жеткізуге болады? Болашақ зейнетақының көлемін алдын-ала есептеудің жолы бар ма? Ерікті жарналар зейнетақыны арттыруға қаншалықты септігін тигізеді? Қор мамандары мен әлеуметтік қамсыздандыру саласында жұмыс істейтін мемлекеттік құрылымдардың өкілдері осы және өзге де сұрақтарға жан-жақты жауап берді. Сондай-ақ «Ашық есік» күнінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Қор қызметі жайында салымшыларға толыққанды мағлұматтар берілді.

– Жастар жылына байланысты тындырылған шаруаларды да тілге тиек ете отырсаңыз? Жас салымшылар үшін қандай жағдайлар жасалған?

– Жастар жылы – Қазақстан үшін алғаш рет бастау алған бірегей және кең ауқымды оқиға. Мұның өзінен-ақ жастарға берілген көптеген мүмкіндіктерді байқауға болады. Мәңгілік елдің болашағы – жастар! Болашақ деген сөзді естігенде ең бірінші ойға келетіні – арман, мақсат, жоспар. Қазір әлем қарқынды да – мып келеді: жаңа технологиялар, автоматтандырудың еңбек ресурстары мен адам капиталы сапасына қатысты талаптар күрделі. Сондықтан, филиал мамандары жетістіктерді саралап, заман талабына сай, жаңа инновацияны жергілікті тұрғындарға, жастарға электрондық қызметін жүргізуде. Солардың бірі – электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы Қор сайтының «Электрондық қызмет көрсету» бөлімінде жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алуға, жеке деректемелерге өзгерістер енгізуге, интернет хабарландыруды таңдай отырып, ақпарат алу тәсілін өзгертуге, зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш жолдап, оның орындалу барысын қадағалауға болады. Сонымен қатар, Қор сайтында «Ерікті зейнетақы жарналары есебінен өз пайдасына шарт жасасу» сервисі әзірленіп, іске қосылған. Одан басқа Қор танымал Telegram мессенджері үшін өзінің ботын іске қосты. Жас пайдаланушылар жаңа қызметтің көмегімен қысқа үзінді көшірме алу немесе үзінді көшірмені электрондық поштасына жіберу, Жеке кабинетке кіру паролін қайта қалпына келтіру мүмкіндіктерін операциялық бөлімнің мамандары белсенді түрде жүргізеді. Сонымен қатар, салымшылармен өзара байланысты нығайту және кеңейту мақсатында БЖЗҚ өткен жылы «WhatsApp» мессенджерін іске қосты. Осылайша +7 777 000 14 18 нөмірі арқылы хабарласып, сауал жолдап, жауап алуға болады. Биылғы жылдың өткен тоғыз айында электрондық арналар арқылы 519 мыңдай қызмет көрсетілді. Бұл ретте Қор кеңселерінде және көшпелі қызмет көрсету орындарында 146 мыңнан астам операция орындалды. Осы жылдың 1 қарашасына қарай облыстағы салымшылардың саны 361 мың адамға жетті. Аймақтағы әрбір бесінші салымшы жастар, олар өңір халқының 31 пайызын құрайды. Қазір зейнеткерлер зейнетақысының негізгі бөлігін мемлекеттік бюджеттен алатын болса, келешекте бүгінгі жастар зейнетақы көлемі негізінен олардың  өздерінің аударған жинақтарына байланысты болатындығын ескеруі керек.

Филиалдың операциялық бөлімінің мамандары зейнетақыны жоспарлау бойынша зейнетақы калькуляторын қолдана отырып, салымшыларға болашақ зейнетақыны жоспарлау бойынша ақыл-кеңестер береді. Биылғы жылдың тоғыз айы ішінде зейнетақыны жоспарлау мәселелері бойынша келушілерге 17 мыңға жуық ақыл-кеңес берілді.

zagruzhennoe 1

 – Жастарға әлеуметтік қолдау көрсетудің тиімділігі туралы не айтар едіңіз?

– Жастарға әлеуметтік қолдау көрсету ерекше серпіліс беретіндігі анық. Білім алып, қазіргі уақытта қабылданып жатқан барлық заңдарды, қолдауларды, жеңілдіктерді дұрыс пайдалана білу үшін Қордың барлық филиалында үш ай сайын «Ашық есік» күні шарасын өткізуі дәстүрге айналған. Қыркүйек айында өңірдегі жоғары білім беру орындарында, колледждерде оқитын студент жастарға арнап осындай шара өткізді. Онда қатысушыларға жеке кеңес беріліп, Қор қызметтеріне өз бетінше жүгіну тәсілдеріне, Жеке кабинет ашуға, ұялы қосымшаны қолдануға үйретілді. Жалпы жыл басынан бері өткізіліп келе жатқан «Ашық есік» күні шарасына 1000-нан астам адам қатысты. Жергілікті тұрғындар мен жастар арасында зейнетақымен қамсыздандыру  мәселелерін насихаттауға ұжымымыз белсене қатысуда. Кәсіпорындарға, оқу орындарына барып, тұсаукесер шаралары да ұйымшылдықпен өткізіледі. Осы жылдың басынан бері осындай мазмұндағы 1 131 тұсаукесерге 36 мыңнан астам тұрғын қатысты. Жастардың қаржылық сауатын арттыру және зейнетақыны жоспарлау мәдениетін көтеру мақсатында ф илиал бөлімшелері мен қызмет көрсету орталықтарында салымшыларға дербес қаржылық кеңес беру бойынша 77,2 мың қызмет көрсетілді. Сонымен қатар, жинақ ақшасы мүлдем жоқ, сондай-ақ бірнеше жылдан бері жарна түспей қалған, «ұйқыдағы» шоттары бар салымшыларды жарна аударуға ынталандыру жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады. Осы жұмыстардың нәтижесінде 9,4 мыңдай салымшы жеке зейнетақы шотына міндетті зейнетақы жарналарын аударды.

 – Осыдан бірер жыл бұрын зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру үшін сіздерде «Мобильді кеңсе» жобасы іске қосылған еді. Осы жоба қызметі тұрғындарға өз тиімділігін дәлелдеді ме?

– Аталған жоба аясында филиал мамандары арнайы жарақтандырылған жылжымалы шағын автобусты пайдаланып, шалғай елді мекендерге барып, жергілікті халыққа тиісті қызмет түрлерін ұсынуда. Күні бүгінге дейін мобильді кеңсенің мүмкіндігін Индер, Махамбет, Жылыой, Қызылқоға, Мақат аудандары бойынша 5 мыңнан астам тұрғын пайдаланып үлгерді. Бұған қоса филиалдың барып қызмет көрсе ту  бөлімінің  мамандары «Мобильді агент» жобасы аясында салымшылардың жұмыс орнына барып, 3,3 мыңнан астам қызмет түрін көрсетті. Ал, Мобильді кеңсенің жолға шығуы арнайы кесте арқылы жүзеге асырылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының көрсететін қызметтері осы мобильді кеңсе арқылы қолжетімді бола түсті. Оның көмегімен жеке зейнетақы шотын ашуға өтініш беру, зейнетақы шотының көшірмесін алу ,    деректемелерді  өзгерту , толықтыру секілді қызметтерге дейін қарастырылған. Шағын автобуста барлық қызмет түрлері онлайн тәртібінде көрсетіледі. Мобильді кеңсе қажетті техникалармен және жер серіктік байланыспен жабдықталған.

– Қор филиалының маман кадрлармен қамтылу жайы туралы да біле отырсақ артық болмас.

 – Облыстық филиал қызметкерлерінің дені жастар. Бізде кәсіби біліктілігі мен қызмет көрсету мәдениеті жоғары мамандар жұмыс жасайды. Салымшылардың тарапынан бірде-бір шағымның тіркелмеуі бұған дәлел бола алады. Филиалға келген салымшылар мамандар қызметіне өз ризашылықтарын білдіріп, пікірлер мен ұсыныстар кітабына және Қор сайтына жазып қалдырып жатады. Бізде екі жылдан бері қызметкерлердің белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру, кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында  ішкі жаттықтырушылар мектебі жұмыс жасайды. Биыл қараша айында өткен аймақтық слетке филиалдың барып қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Жасұлан Исманов қатысып, салымшыларға электрондық қызмет көрсетуді енгізуге байланысты мамандығын шыңдап келді. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы  қоры» АҚ  Атырау  облыстық филиалының  ұжымы еліміздің зейнетақы туралы заңының талаптарын басшылыққа алып, зейнетақы төлемдерінің тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстарды жалғастыра беретін болады.

Сұхбаттасқан:  Бақытжан ЖҰМАТ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз