Атырауда жеті ЖЫЛЫ АЯЛДАМА ашылуда (+ВИДЕО)

77414076 953276048388212 1347111398559186944 o БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/26 қараша, 2019 жыл.  Қалалық ТКШ бөлімінің мәліметіне сүйенсек, жылдың әр мезгіліне бейімделген аялдама павильоны қатаң бақылауға алынады.

https://youtu.be/UNhogqNkthQ

Жылы аялдамаларға орнатылған бейнекамералар үздіксіз қосылып, ондағы бейнежазбаларды Полиция департаменті тікелей бақылайтын болады. Қалалық ТКШ бөлімінің хабарлауынша, жабық аялдамалар жылдың әр маусымына бейімделген. Олар қыста жылытылып, жазда салқындатылады.

Егер де, бұзақылық фактілері тіркелген жағдайда әкімшілік шара қолданылады.


Айта кетейік, мұндай жылы аялдамалар қаладағы жеті жерге орнатылған. Қазіргі уақытта аялдау орнын таза ұстау жұмыстары басшылыққа алынған. Қолайлы ахуал туғызатын павильон іші қыста жылы, жаз да салқын және тоқ жүйелері жүргізілгендіктен телефон қуаттау көздері де қарастырылған.

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз