Атырауда саябақтар жаңартылмақ

20190530102520 12447 Жаңалықтар

Аtr.kz/31 мамыр, 2019 жыл. Орталық саябақ Индербор кентінің Меңдіғалиев көшесінде орналасқан. Аумағы 4 гектар жерді алып жатқан бұрынғы саябақты күрделі жөндеуден өткізу маусымда басталады.

Құрылыс жұмыстары барысында саябақтың сыртқы қоршауы жаңартылып, тұрғындар қауіпсіздігі үшін бейнекамералар орнатылады. Жаяу жүргіншілер жолы, жаңа үлгідегі жарық қондырылып, су жүйесі жүргізіледі. Ол жерде жеке кәсіпкерлерге арналған сату нүктелері мен көрме павильондары, спорт және балалар ойын алаңдары жастарға қызмет көрсетпек.

2019 05 30 042505620700

Күрделі жөндеу жұмыстарын қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, Индер ауданының әкімдігі кенттің орталығы – Бейбарыс көшесінде орналасқан арбатты қайтадан жаңғырту жобасын дайындады. Қажетті қаражат бөлінгеннен кейін құрылыс жұмыстарының уақыты қосымша хабарланатын болады.

ATPress.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз