Атырауда «Өркен» білім беру грантына байқау жарияланды

img 20200113 wa0007 Білім

Atr.kz/13 қаңтар, 2020 жыл. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2020-2021 жаңа оқу жылына оқушылар контингентін қалыптастыру мақсатында 2020-жылдың 31 қаңтарына дейін облыстағы мектептердің 6-сынып оқушыларын 7-сыныпқа қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жариялайды.

Құжаттарды қабылдау келесі мекен-жайда жүргізіледі: Атырау қаласы, Нұрсая мөлтек ауданы, 11 көше 22 ғимарат, 106 аудитория. Емтихан 2020 жылдың 14-15 наурызында өтеді. Қосымша ақпарат www.nis.edu.kz сайтындағы «Үміткерлерге» бөлімінде.

Қабылдау комиссиясына ұсынылатын қажетті құжаттар тізімі:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • үміткер туралы сауалнама;
  • үміткердің ЖСН нөмірі көрсетілген туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • үміткердің заңды өкілдерінің тиісті төлқұжаттарының көшірмелері;
  • 086 медициналық анықтамасы;
  • 5 сыныпты аяқтағаны туралы жылдық табельдің көшірмесі және 6-сыныптың І-ІІ оқу тоқсанын аяқтағаны туралы табельдің көшірмесі – табельдер міндетті түрде мектеп директорының қолтаңбасымен және білім беру ұйымының мемлекеттік мөрімен расталуы қажет;
  • жоғары сападағы фотосурет (үміткердің қабылдау комиссиясында фотоға түсуі міндеттеледі)
  • құжаттарды сақтауға арналған файл-бетшелері бар тезтікпе;

7-11 сыныпта білім алып жатқан мектеп оқушыларының құжаттары қабылдау комиссиясына жіберілмейді. Толық емес құжаттарды ұсыну немесе белгіленген уақыттан кешіктіру – қабылдау комиссиясында өткізілмейді!

Толығырақ ақпаратты + 7 (7122) 558-555, + 7 (7122) 558-551, + 7 (775) 366 57 13 (www.atr.nis.edu.kz, www.nis.edu.kz) телефондары арқылы біле аласыздар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз