Атырау облысының әкімі әлем чемпиондарымен кездесті

whatsapp image 2020 01 13 at 17.45.41 Жаңалықтар

Atr.kz/13 қаңтар, 2020 жыл. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов аралас жекпе-жектен әлем чемпиондарымен кездесті, – деп хабарлайды  Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аймақ басшысы қазақстандық жауынгерлерді жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарда табыс тіледі.

– Кездескеніме қуаныштымын. Сіздер жеңістеріңіз арқылы қазақстандық жауынгерлердің күш-қайратын көрсеттіңіздер. Бұл тек сіздердің емес, барша қазақстандықтардың жеңісі. Бұл жетістіктеріңіз жас спортшыларға үлгі. Атырау облысында спорт саласына айрықша көңіл бөлінеді. Біз спортты қолдаймыз, соның арқасында жақсы табыстарға қол жеткізіп келеміз. Алға қарайда табыс пен жеңіс тілеймін, – деді Махамбет Досмұхамбетов.

Чемпиондар облыс әкіміне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. Қазақстандық кәсіби боксшы Садриддин Ахмедов – бірінші орта салмақта өнер көрсетеді, WBC Youth World нұсқасы бойынша жастар арасында әлем чемпионы және WBC Asia чемпионы. Канаданың Монреаль қаласында өткен кәсіби бокс кешінде аргентиналық спортшымен кездесіп, жеңіспен аяқтады. Бұл оның шаршы алаңға 11-ші шығуы.   

M-1 Global лигасының жауынгері, жеңіл салмақта M-1 чемпионы Сергей Морозов өткен жылдың соңында Нұр-Сұлтандағы жарыста американдық қарсыласын жеңіп, титулын қорғап қалды және дивизион чемпионы болды. Бұл Сергей Морозовтың мансабындағы 16-шы жеңісі.

ММА жауынгері Дәурен Ермеков жаңа жыл алдында өткен GFC-23 аралас жекпе-жек бойынша турнирде ресейлік қарсыласын ұтып, уақытша чемпион белдігін жеңіп алған болатын.

whatsapp image 2020 01 13 at 17.45.41 1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз