“Адам ұрлығы болуы мүмкін”: жоғалған сәбиді іздеп жатқан атыраулық волонтерлар осындай мәлімдеме жасады (+ ВИДЕО)

Жаңалықтар

Аtr.kz/21 мамыр, 2020 жыл. Атырауда жоғалған сәбиді іздестіру жұмыстары осымен екінші тәулікке жалғасып жатыр.

Бір жастан асқан сәбиді іздеуге тікелей қатысып жатқан волонтерлар бүлдіршінді қарамаған жердің қалмағанын айтады.

“Біздің ойымызша бұл жерде қылмыс бар. Егер, баланы ұстап отырсаңыз, бізге хабар беріңіз. Анасы ешқандай талап қоймайтынын айтуда. Баланың орнласқан жері туралы мәліметті жеткізуіңізді сұраймыз. Адам болайық” деді атыраулық ерікті Олжас Сұлтанов.

Еске сала кетелік, кеше Атыраудағы Жұлдыз ықшамауданындағы №10 көше, 57 үйден Әли есімді бүлдіршін жоғалып кетті.

Сәбиді іздеуге 600-ге жуық еріктілер, Ұлттық ұлан гвардиясының 50 әскері, 100-ден астам полиция қызметкерлері  жұмылдырылды.

Қандайма бір ақпарат белгілі болған жағдайда 102 номеріне хабарласу сұралады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған