Қағаз неге кәдеге аспай тұр?

а аз неге к деге аспай т р Ц 26.08.2017 01 Жаңалықтар

Құдайға шүкір, қазір қалтаңда қаржың болса, шалқып өмір сүруге болады. «Не жеймін, не киемін» деп бас ауыртпайсың. Күнделікті тұрмысқа қажеттінің бәрі сауда сөрелерінде самсап тұр. Бірақ, олардың көбісі – шетелдік импорт. Яғни, біз соны сатып ала отырып, өзгенің қарнын қампитып отырмыз. Мәселен, қарапайым қағазды алып қарайтын болсақ, оны бір рет қолданамыз да, қоқысқа тастай саламыз. Ал, пайдаланылған қағазды жеті рет қайта өңдеп, күнделікті тұрмыста қолдануға болатынын білесіз бе?!

__а__аз неге к__деге аспай т__р Ц 26.08.2017 (01)

 Жалынды жастың жаңа жобасы

Бұл істі биылдан бастап атыраулық жас кәсіпкер Жасұлан Замзамов қолға ала бастаған. Ол өзінің бауырларымен бірге «Atyrau ecologi» мекемесін құрыпты. Жас табиғат жанашыры қағаздың қадірін білмейтін тұрғындар үшін қынжылыс білдіреді.

– Біз қағаз қалдықтарын жинаумен айналысамыз. Өкінішке орай, қазір Атырауда оны өңдейтін нысан жоқ. Бірақ, болашақта оны салу жобасын қарастырып жатырмыз. Бұл біздің өңір үшін өте қажет. Сондықтан, әзірге Алматы мен Астана қалаларына апарып тапсырып жатырмыз. Ең бастысы, шикізат шетел аспауы керек. Қағаз көшеден не қоқыстан емес, түрлі салада қызмете тіп жатқан мекемелерден алынады. Ол аса құнды материал емес, бірақ, қай уақытта да оған сұраныс төмендемейді.

Соның ішінде, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті игі жобаға үлкен қолдау танытып отыр. Онда қағаз қалдықтары көп шығады. Соны бізге әкеліп тапсырады. Қазір қалада пластик бөтелкелер жинайтын орындар бар. Олар ыстық пен суыққа төзімді келеді. Ал, қағаз тек кеңселерде ғана жиналады. Біздің орталығымыз Атырау-Астрахан жол бойында орналасқан, – дейді ол бізбен әңгімесінде.

Бүгінде жалынды жастың бастамасына облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, «Драйв Атырау» автокөлік жүргізушілерінің бірлестігі, «Семья» дүкендер желісі қолдау танытып отыр. Егер қағаз тапсырамын деуші тұрғындар болса, оны арнайы алып кететін көлік құралдары бар екенін қаперге бергіміз келеді.

__а__аз неге к__деге аспай т__р Ц 26.08.2017 (02)

 Үнемшілдік – ырыс, ысырапшылдық – шығыс

Алматы демекші, ол жақта жарамсыз дүниелерді қайта өңдеп, кеңсе бұйымдарын дайындайтын өндіріс орындары жетерлік. Солардың бірі – пайдаланылған шикізаттан қағаз дайындайтын «Kagazy Recycling» зауыты. Ондағылар Атыраудан қомақты көлемде қағаз қабылдауға дайын екендіктерін айтады. Бұл орайда қағаз тапсырушылар үшін арнайы төлем де қарастырылған. Қағаз өңдеуден түсетін табыстың бір бөлігі Атыраудағы мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау қорына аударылады екен.

Елбасының өзі: «Прагматизм — өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Үнемшілдік мәселесін өңірлер бір бірінен үйренулері керек. Алдыңғы қатарлы облыстардың оңтайлы тәжірибесі барлық өңірлер үшін жалылама ережеге айналуы шарт» деген болатын. Ендеше, Алматыда қалыптасқан үрдістің бізге де үйренер тұсы көп. Оның үстіне, қазір елімізде шикізаттық ресурстарды өңдеу деңгейін артып келеді.

 Қағаз қалай өңделеді?

Сонымен қағаз қалай өңделеді? Көпшілік үшін осы жағы қызық қой. Алдымен, жиналған материал арнайы құрылғы арқылы нығыздалады. Содан кейін, оның сапасы тексеріліп, қай мақсатта пайдалануға болатыны анықталады. Айталық, қатты кардондар нығыздалғанда, одан 150 келі қағаз шығады. Ал, күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген «А-4» форматтағы қағаздарды алғашқы күйіне келтіріп жеті мәрте қайта пайдалануға болады екен.

Қазір, әсіресе, құрылыс қарқын алған облыс орталығында ағаштарды кесу үрдісі белең алды. Екіншіден, жасыл желек шикізат есебінде қолданылады. Яғни, он шақты дәптер жасап шығару үшін бір талды кесуге тура келеді. Ал, санақ тілімен айтар болсақ, қырық келі қағаз жинап, оны өңдеу нүктелеріне тапсырған адам бір теректің өмірін сақтайды екен. Осылайша, мамандар бұл арқылы жарық пен суды да үнемдеуге болатынын айтып дабыл қағады. Тіпті, ол жеті рет өңделген соң да жарамсыз деп танылмайды. Одан әжетхана қағазы мен жұмыртқа қаптамасын дайындауға болады.

Р.S.: Қалай десек те, табиғат берген байлықтың сарқылар күні болады. Осы орайда, әр мекеме не ұйым басшысы өз қызметкерлеріне қағаз қалдықтарын лақтырмай, жинап отыруға тапсырма берсе, құба-құп. Өйткені, қоқыс полигонындағы үйіндінің 40 пайызын осы қағаз қалдықтары құрайды. Сондықтан, қазірден ысырапшылдық пен даңғойлыққа жол бермей, үнемшілдікке бет бұрған дұрыс.

 Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз