Атырауда полицейлер белдік тақпаған жүргізушілерді жауапқа тартуда (+ФОТО)

Atr.kz/12 наурыз, 2020 жыл. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлім етуінше, «Ауыр жүк көлігі» жедел-профилактикалық шарасы барысында  47  жүргізушіге хаттама толтырылды. 11-13 наурыз аралығында өтіп жатқан аталмыш іс-шараның алғашқы күні полиция қызметкерлері жүк көлік жүргізушілеріне қатысты  47 әкімшілік хаттама толтырды. Анықталған құқықбұзушылықтар қатарында  көлікті міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізбеген, маневр жасау қағидаларын бұзу, көлік жүргізіп келе […]

Continue Reading

Қаржылық қатынастар ашықтық принципімен жүзеге асса…

Atr.kz/12 наурыз, 2020 жыл. Кеше Атырау өңіріне іссапармен келген бір топ Парламент Мәжілісінің депутаттары мен Қаржы және бюджет комитетінің мүшелері облыстық әкімдікте болып,  бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіру және өңірлерді меншікті кіріс көздерін жасауға ынталандыру бойынша көшпелі отырыс өткізді. Жиында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов  аймақтың әлеуметтік-экономикалық өсім қарқынына тоқталды. «Инвестициялық жобаларды іске асыру, мұнай-газ өндірісі көлемін […]

Continue Reading

Атырау: Бас имам мешіттерге байланысты тараған алып-қашпа әңгімеге түсінік берді (+ВИДЕО)

Atr.kz/12 наурыз, 2020 жыл.  Интернет  желісінде кеңінен тарап кеткен «Коронавирус қаупіне байланысты, Қазақстанда мешіттерге баруға тыйым салынды» деген ақпаратқа Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы түсінік берді деп хабарлайды amin.kz «Бұл негізсіз ақпарат. Мешіттер қалыпты режимде жұмыс істеуде. Намаз бес уақыт оқылып жатыр. Бұл мәселеге байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз мәлімдемесін жасаған болатын. Мәлімдемеде […]

Continue Reading

Денсаулық сақтау саласына қатысты атыраулықтардың базынасы көп (+ФОТО)

Atr.kz/12 наурыз, 2020 жыл. Таяуда «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті медицина саласындағы  халыққа қызмет көрсету сапасын  бақылауға алған еді. «ANTIKOR» орталығында жобалық кеңсе жетекшісі Альфия Әдиева   мен қалалық мәслихат депутаты Салтанат Рахимова аталған мониторинг нәтижесімен бөлісті. Жалпы, денсаулық саласына қатысты халықтың арыз шағымы азаяр емес. Әсіресе, қызмет […]

Continue Reading

Қазақстанда мектеп оқушылары мерзімінен бұрын каникулға жіберіледі

Atr.kz/12 наурыз, 2020 жыл. Қазақстанда бұқаралық қоғамдық шаралар өткізуге уақытша тыйым енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz. 13 наурыздан бастап коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін бұқаралық іс-шараларға, оның ішінде спорттық және мәдени ойын-сауыққа тыйым салынады. Санитарлық және дезинфекциялық режимдер күшейтілді, мектеп оқушыларына экскурсия жасауға тыйым салынды. Оқушылар демалысқа 16 наурыздан 5 сәуірге дейін жіберіледі.

Continue Reading

Коронавирустың беті қайтты ма? (+ВИДЕО)

Atr.kz/12 наурыз, 2020 жыл. Қытайда өткен тәулікте инфекция жұқтырудың 19 дерегі тіркелген. 10 наурызда Си Цзиньпин Ухань қаласына індет басталғаннан бері алғаш рет келді, деп хабарлайды zakon.kz. Қытай басшысы осында он күнде апаттық жағдайда салынған жұқпалы аурулар ауруханасында болып, кейбір науқастармен және дәрігерлермен видеобайланысқа шықты, сондай-ақ қала тұрғындарымен кездесті. Коронавирустың таралуы іс жүзінде тоқтатылды, – […]

Continue Reading