Жыл қорытындысы: Басты нысана — әлеуметтің әлеуеті
Өткен жылы өңірде әлеуметтің әлеуетін көтеруге, атап айтқанда, тұрғын үйін жағдайын жақсартуға, инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдарды жетілдіріп, көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын жоғарылату, басқа да өмір сүру деңгейін көтеруге қажетті мүмкіндіктерді молайту жағына баса назар аударылды.
Бірінші кезекте — баспана
Бірінші кезекте халықтың жайлы баспанамен қамтылу көрсеткішін арттыруға көңіл бөлінді. Есепті мерзімде облыста 30 259 адам тұрғын үй кезегіне тіркелді. Соның ішінде, коммуналдық тұрғын үй қорынан 479 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, былтыр «Бақытты отбасы — Атырау» бағдарламасы шеңберінде 118 отбасы, «Атырау жастары» және «Атырау аудан жастары» бағдарламалары аясында 48 жас тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялау тетігі арқылы 540 отбасына төлемдер жүзеге асырылды. Бұдан бөлек, республикалық және жергілікті бюджет есебінен 69 көп пәтерлі үйлерді жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ 24 апатты үйлердің тұрғындары (265 пәтер) көшірілді.
Ауыз сумен қамту – 100%
2024 облыс халқын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 99,9% (709,1 мың адам) құрады. Оның ішінде Атырау және Құлсары қалаларында 100% (390,6 мың адам), ауылдарда – 99,7 % (318,5мың адам) немесе 144 елді мекен. Жыл ішінде өңірдегі 6 ауылдық елді мекенде су құбырыныңқұрылысы аяқталды. Жалпы ұзындығы 85,4 метр су құбыры жүргізілді. Атырау қаласындағы қуаттылығытәулігіне 50 мың текше метр болатын №5 сүзгістансасын қайта жаңғырту жұмыстары (қаржылай сомасы 17,9 млрд.теңге) мәресіне жетті. Жалғансай, Өркен ауылдарында су тазарту имараттары (824,9 млн.теңге). қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді. Барлығы облыстағы 14 ауылда су тазарту имараттарын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасын тапты.
Табиғи газдан тапшылық жойылды
Өткен жылдың басты жетістіктерінің бірі ретінде облыста табиғи газға деген тапшылықтың толығымен дерлік жойылғанын айтуға болар еді. Нақтылай кетсек, күні бүгінге өңір халқының құбыр бойымен келетін «көгілдір отынмен» қамтылу көрсеткіші 99,9 % (708,9 мың адам) құттықтады. Атапайтар жайт, Атырау және Құлсары қалалары толықтай газбен қамтылды (390,6 мың адам). Бір ғана Қызылқоға ауданында Қызылқоға ауданының 6 ауылына газ тарту жұмыстары аяқталып(2,7 млрд.теңге), игілікке берілді. Жалпы 121,8 шақырым желі тартылып, 500-ден астам тұрғын газбен қамтылды. Сонымен бірге Атырау қаласының оң жағалау бөлігінде орналасқан елді мекендерді үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз ету үшін «Финская-120» АГТС және «Редут-Финская-120 АГТС» магистральды газ құбыры тармағын салу жұмыстары жүргізілуде басталды. Жобаланған 46 шақырым газ желісінің 24 шақырымы (19,3 млрд.теңге) жүргізілді.
Дәулетқали АРУЕВ
Коллаж: atr.kz