Жарнама
Жыл қорытындысы

Жыл қорытындысы: Ауыл шаруашылығын қолдау көлемі артты

Жыл сайын ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары көлемі ұлғайып келеді. Өткен жылы шаруашылық субъектілерін қолдау мақсатында субсидиялауға бюджеттен 3 548,0 млн. теңге қаражат бөлінген. Оның ішінде мал шаруашылығы субъектілеріне 1931,8 млн.теңге, өсімдік шаруашылығына 446,2 млн. теңге, агроөнеркәсіп кешенін инвестициялық субсидиялауға 746,5 млн. теңге, сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға 556,2 млн. теңге субсидия бөлінді. Бұл бағытта 182 өтінім қабылданып, 102 шаруашылық субъектісі қаржыландырылды.

Мал шаруашылықтары көбейді

Облыс бойынша шаруа қожалықтар саны жыл сайын артып келеді. Атап айтқанда, 2023 жылы мал өсіруші 1920 шаруа қожалық болса, 2024 жылы олардың саны 1946-ға артқан. Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бағытында өңірде 109 асыл тұқымды ірі шаруашылықтар бар. Сонымен қатар селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстарға қатысушы  ірі қара мал аналықтарының саны 26 736 бас, барлық аналық мал бастарына шаққандағы үлесі 24%-ды құрады.

Өңірде ірі қара мал, қой шаруашылығында еділбай тұқымы, жылқы шаруашылығында қазақтың жабы тұқымы және түйе шаруашылығында қазақы бактриан тұқымдары өсіріледі.

Тасқын судың егістікке әсері

Облыс бойынша өткен жылы егістіктің жалпы көлемі 10 825 гектарды құрайды деп болжанған болатын. Алайда, көктемгі тасқын су салдарынан егістікке дайындалған 5564,3 гектары су астында қалып, 5 260,7 гектарға егістік егілді. Оның ішінде: көкөністер – 1 542,1 га; бақша – 937,3 га; картоп –  600,1  га; мал азықтық дақылдар – 2 181,2 га. Көктемгі су тасқыны өңірдегі егістік алқаптарына айтарлықтай кері әсерін тигізді.

Суармалы жерлер көлемін ұлғайту мақсатында егіншілікте су үнемдеу технологияларын пайдалану көлемін арттыру жұмыстары үнемі жүргізілуде. Егін өнімдерін жинау жұмыстары аяқталып, жоспар 100%-ға орындалды, оның ішінде: көкөністер – 69 394,5 тонна, бақша – 37 492,0 тонна, картоп – 15 002,5 тонна, мал азықтық дақылдар – 15 268,4 тонна.

​Үйірлі шегірткелерге қарсы 86,21 мың гектар аумаққа химиялық өңдеу жүргізілді. Сондай-ақ, аумақта жергілікті бюджет қаражатына 9,51 мың гектар алқаптарда саяқ шегіртке зиянкестеріне қарсы өңдеуге жоспарланған аумақ толықтай өңделді. 

Инвестициялық жобалар іске асты

2024-2026 жылдары инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша өңірде 277 жұмыс орнымен 36,2 млрд. теңгені құрайтын 7 жобаны іске асыруды көздейтін Жол картасы жасақталды. Осы жылы 26,1 млрд. теңге құрайтын 4 жобаны іске қосуды жоспарлануда. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталға 5,6 млрд. теңге (НКИ–820,2%) инвестиция тартылып, тиісті кезеңмен салыстырғанда 8 есеге артты. 

Бұдан бөлек, өткен жылы қосымша агроөнеркәсіп кешені саласындағы ірі жобаларды қаржыландыру бағытында 2,5 пайызбен несиелендіру арқылы облыс бойынша 2 инвестициялық жобаға 4 млрд. теңге қаржы бағытталды. 

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button