Жыл қорытындысы: Энергия желісі жаңартылып, жарық жақсарды
Былтыр Атырау облысының Жылыой, Құрманғазы, Мақат, Исатай және Индер аудандарында жалпы ұзындығы 111 шақырымды құрайтын электр желісі жаңартылып, 137 шақырым көше жарығы жүргізілді.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдулат Кенжебековтың айтуынша, электр қуатын теміржол бойынан алатын елді мекендердегі 161 шақырымға электр желісі жаңартылды. Нақтыласақ, бұл Мақат, Ақкөл, Томан ауылдары мен облыс орталығы аумағындағы елді мекендерді қамтыды.
Сонымен қатар, Атырау қаласының оң жағалауында орналасқан елді мекендерде электр энергиясының тапшылығын азайту мақсатында Нұрсая мен Самал ықшам аудандарына қосалқы станциялар салынып, реконструкциядан өткізілді. Кернеуінің қуаттылығы 110 кВ-тық әуе желісі тартылды.
Су мен кәріз құбырының сенімділігі артты
Қолданыстағы су жүйесі мен кәріз желісін жаңғырту бағытында Атырау қаласында 45 кәріз сорғы станциясына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын.
Осыдан былтыр 9 кәріздік сорғылау станциясын қайта жаңғырту жұмыстар толықтай аяқталды. Атап айтқанда, олар Балықшы, Ш.Уәлиханов көшесі, Лесхоз, Нұрсая, “Өнерпаз” тұрмыстық қызмет көрсету үйі, Тұрғын үй қалашығы, Азаттық даңғылы, Вокзал маңы учаскескелерін қамтыды.
Одан бөлек, 8 нысан ауыспалы жүйеде, 31 учаскеде жалпы ұзындығы 33,4 шақырым кәріз желісі санациялау тәсілімен күрделі жөндеуден өткізілуде. жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге 8,8 шақырымда жоспарланған жұмыстар мәресіне жеткізілген. Биыл бұл үрдіс одан әрі жалғасуда.
Дәулетқали АРУЕВ
Сурет: gov.kz