ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРҒАН ҚҰРЫЛТАЙ
Ұлу жылындағы елдің есінде, жұрттың жадында қалар ерекше оқиғалардың қатарында елдік мәселелерді түгендеген қозғалатын Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысын айтуға болар еді. Ал оның ғасырлар қойнауынан сыр шерткен көнеСарайшық жұртында – Атырау өңірінде өтуін тіптен де керемет, ғажайып оқиға ретінде бағаласақ артық емес.
Айта кету керек, ұлт ұпайын түгендеген Құрылтайда ұлт болмысын қалыптастыратын тәуелсіздік пен отаншылдық, бірлік пен ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық пен жаңашылдық секілді басты құндылықтар айқындалды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Атырауда өткен алқалы жиында егемен ел, тәуелсіз мемлекеттің әлеуетінің көтерілуіне кері әсерін тигізетін бес әлеуметтік кеселмен күресті күшейтуге бағытталған нақты тапсырма беріп, міндет жүктеді.
Ол сәтті орындалысын тауып, биыл тұңғыш рет әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігі туралы Заңға қол қойылды. Яғни, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қатаң жаза белгілейтін, балалар құқығының қорғалуын қамтамасыз ететін жаңа нормалар күшіне енді. Тілге тиек етеріміз, бұдан бөлек, Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы арнайы заң қабылданды. Вандализм мен өзгенің мүлкіне зиян келтіргені, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтіп, құмар ойынға тәуелділікті азайтуға, вейпке тыйым салуға бағытталған заңнамалық өзгерістер жасалды.
Осылайша, еркіндікке ұмтылған Ұлы дала елінің еңсесін тіктеп, мәртебесін биіктетуге оң ықпалын тигізген оң қадамдар мен игі бастамаларға үндеген заң жобаларын әзірлеуге қос палаталы Парламент депутаттарымен бірге, Ұлттық құрылтай мүшелері де белсенді атсалысып, лайықты үлестерін қосқаны кәміл. Оймызды түйіндесек, кемел келешекке бастар келелі мәселелер мен ұлт мүддесін бір арнаға тоғыстырған Құрылтайдың жоғары деңгейде, тиісті дәрежеде ұйымдастырылуында барша отандастарымыздың әрбір қазақстандыңтың өзіндік үлесін қосқаны кәміл.
Әбілсейіт МҰҚТАР,
тарих ғылымдарының докторы, профессор, Махамбет ауданының Құрметті азаматы