Жарнама
Жыл қорытындысы

Кәсіптік білім: Сұранысқа сай кадрлар даярлануда

Бүгінде Атырау облысындағы 24 колледжде 62 мамандық пен 159 біліктілік бойынша 19 288 студент білім алып жатыр. Оның ішінде 10 970 студент немесе 56,8 пайызы мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуда. Кәсіпорындардың сұранысы бойынша 250 адам оқытылып, олар толықтай жұмыспен қамтылуда. Сонымен қатар, 16 колледждің 2 840 студенті 26 мамандық бойынша 512 кәсіпорында дуальді білім алып, оқуды тәжірибемен ұштастыруда. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов мәлімдеді.

45dfcc37 24ac 4e87 939f 36ce4148e5ea

Басқарма басшысының айтуынша, биылғы басты жаңалық Х-ХІ сыныптың 60 оқушысы мектепті аяқтаған кезде аттестатпен қатар, «Аспаз», «Автомобиль жөндеу слесарі», «Дәнекерлеу ісі» мамандықтарын игеріп шығады.

–Бүгінгі сұранысқа сай мамандарды даярлауда педагогтердің біліктілігін арттыру жұмыстары да қарқынды жүруде. 2029 жылға дейін 2 850 педагог біліктілік арттыру курсынан өтеді, ал қазіргі уақытта 17 колледж басшысы менеджмент бағытында өз біліктіліктерін арттырды. Сонымен қатар, «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» кадрлық резерві жобасына облыстың 6 педагогі қатысуда. Олар барлық кезеңнен сәтті өтіп, «басшы-көшбасшы» біліктілік санатын иеленуде. Бұл педагогтер колледждердегі менеджмент деңгейін жаңа белеске көтеруге ықпал етуде, — дейді Марат Әбуов.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button