Білім саласындағы сапа мен тиімділік қандай?
Атырау облыстық білім беру басқармасы бойынша 36 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Жеке, заңды тұлғалардан түсетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді облыстық білім беру басқармасы, қалалық, аудандық білім бөлімдері мен білім беру ұйымдары жүзеге асырады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электронды түрде «Іndigo», Egov.kz, «MALAHIT», «es.ias.kz» ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілуде.
Білім саласында 2024 жылдың 10 айының қорытындысымен 126 280 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсетуде мерзімін бұзып көрсеткені үшін жауапты 40 маманнан тәртіптік шаралары алынды.
Мемлекеттік қызметтер сапасына есептік кезеңде түскен шағымдар болған жоқ.
Басқарманың «2024 жылға арналған ішкі бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» 2023 жылдың 13 желтоқсандағы №635 бұйрығына сәйкес, биыл наурыз-қазан айларында 7 білім беру мекемелеріне мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын бақылау ұйымдастырылды.
Аталған мекемелерде 2024 жылғы іс-шаралар жоспары жасақталып, жауапты маман тағайындалған. «Өз-өзіне мемлекеттік қызмет көрсету» бұрышы стендтері жасақталған. Бақылау қорытындысымен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және жақсарту бойынша ұсынымдар берілді.
Басқарма арқылы «Мониторинг» ақпараттық жүйесінде мерзімі бұзылу қаупі туындаған қызметтердің мәліметі Атырау қалалық, аудандық білім бөлімдеріне жолданып, орындалысы бақылауда ұсталуда. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету мақсатында 2024 жылдың 10 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мәселелері бойынша 594 шара, оның ішінде 175 жиналыс, 95 түсіндіру жұмыстары, бұқаралық ақпарат құралдарында 27 мақала жарияланып, 25 тікелей эфир, фейсбук, инстаграмм әлеуметтік желілерде 245 жарияланым, 27 ашық есік күні ұйымдастырылған.
Сонымен қатар, қажетті құрылғылары жоқ немесе электрондық порталды қолдануда көмек қажет ететін тұрғындар үшін «Электрондық үкімет» порталына қолжетімділікті арттыру мақсатында (орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында) 200-ден астам өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары арқылы қызметтер көрсетілуде. Барлық қызмет көрсету бұрыштарына жауапты кеңесшілер белгіленген. Есепті мерзім ішінде 3745 электрондық цифрлық қолтаңба алынды.
2024 жылы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалынан Басқарманың 2 қызметкері, Исатай, Махамбет ауданы білім бөлімінің басшылары біліктілік арттырды.
Орын алған проблемалық мәселелер болға жағдайда уақытында тиісті орталық атқарушы органдарға ұсыныс хаттар жолдануда.
Білім саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің уақытылы, сапалы орындалуы үнемі бақылауда.
Тілекқабыл БАЙДОШЕВ,
облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары