Жарнама
Жыл қорытындысы

Білім мен технология – болашақ кепілі

Бұл жыл еліміз үшін қоғамдық-саяси өмірде де, әлеуметтік-экономикалық дамуда да айшықты өзгерістер мен жетістіктерге толы болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Бұл – елімізде еңбек адамына деген құрметті арттыруға бағытталған маңызды қадам. Бұл бастама қоғамда адал еңбек, адал азамат құндылықтарын насихаттауға, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарын қолдауға серпін береді.

Сонымен қатар, білім мен технологияға негізделген экономика құру – Қазақстанның болашағы үшін маңызды бағыт. Ғылым мен технологияларды өндірісте қолдану, ғылыми жетістіктерді өндіріс саласына енгізу туралы заңның қабылдануы осы саланың дамуына жол ашатыны сөзсіз.

Бұл бастамалар жастардың кәсіби дамуына, жұмысқа орналасуына және болашақта еліміздің экономикасына қосар үлесін арттыруға мүмкіндік береді. «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы ретінде біз бұл қадамдарды толық қолдаймыз және жастарды қолдау шараларының одан әрі жалғасуын күтеміз.

Атырау облысында Жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Жастарға жұмыс» жобасы аясында 20-ға жуық бос жұмыс орындар жәрменкісі ұйымдастырылды. Аталған шараға 50 ірі кәсіпорындар мен ұйымдар 400-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынып, 700-ден астам жастар қатысты. Бұл жәрменкелер жастардың еңбек нарығына кіруіне және жұмысқа орналасуына мүмкіндік беріп, олардың кәсіби даму жолында маңызды қадам болды. Сонымен қатар, жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңестің 2 отырысы өткізілді, оның барысында 2 мәселе қаралып, 9 ұсыныс жасалды. Бұл ұсыныстар аймақтағы жастарды қолдау мен жұмыспен қамту мәселелерін шешуге бағытталған нақты шаралар болып табылады.

Бұл шаралар аясында Мемлекет басшысының «Жұмысшы мамандықтары жылы» бастамасы еліміздің әр аймағында нақты жүзеге асып жатқанын көруге болады. Атырау облысында да жастарға арналған осындай қолдау шаралары оларды еңбек нарығына бейімдеуге және кәсіби өсуіне үлкен үлес қосып отыр. Сондықтан жаңа жылдан күтеріміз көп.

Абылай ҚҰРМЕТҰЛЫ,

«Жастар рухы» жастар қанатының облыстық филиалының жетекшісі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button