Жарнама
Жыл қорытындысы

Атырауда Олимпиадалық спорт түрлері дамытылуда

Облыс орталығында спорттық жетістіктерге негіз болатын жаңа бастамалар қолға алынуда. Былтыр ашылған «Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат колледжі» спорт саласындағы дарынды жастарға үлкен мүмкіндіктер беруде. Қазір бұл оқу орнында 201 бала бокс, дзюдо, таеквондо және еркін күрес бойынша жаттығу жасап, спорт шеберлігін шыңдауда.

Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, Олимпиадалық резерв даярлау орталығы да өз жұмысын қарқынды жалғастырып, өңірде олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға үлес қосуда. Мұнда биыл 235 жас спортшы жаттығуда, дегенмен өткен жылмен салыстырғанда (416 спортшы) бұл көрсеткіш төмендеген. Сарапшылардың айтуынша, спортшылардың жоғары деңгейге өтіп, Жоғарғы спорт шеберлігі мектебіне ауысуы және сапалық құрамның қайта қаралуы бұл өзгерістің негізгі себептері болды.

Биыл спорт саласында тың серпін беретін жаңа бағыттар ашылды. Семсерлесу және қазіргі заманғы бессайыс бөлімшелері іске қосылып, орталықтағы бөлімшелер саны 13-тен 15-ке артты. Бүгінде таеквондо, грек-рим күресі, ауыр атлетика, көркем гимнастика, су добы, ескек есу, жүзу, әйелдер боксы сияқты олимпиадалық спорт түрлерінен де дайындық жүргізілуде.

Облыстағы Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі де үздік спортшыларды дайындау жұмысын жалғастыруда. Мұнда 86 спортшы 6 олимпиадалық спорт түрінен жаттығуда. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, бұл мектеп халықаралық деңгейдегі спорт шеберлерін тәрбиелеуге бағытталған маңызды платформаға айналған.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Сурет: gov.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button