Жәрдемақы: кімге қанша тиесілі?

Басты жаңалық Жолдау Мәселе Саясат Экономика Қоғам

Еңбек, әлеуметтік қорғау  және көші-қон  комитеті Атырау облысы  бойынша  департаментінің  бөлім басшысы Құрманай Қалиеваның айтуынша, биылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 28 284 теңгеден 29 698 теңге болып өзгеруіне байланысты барлық әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы мөлшері де өзгереді.

алеумет

Мүгедектігіне, жалпы аурулығына байланысты:

1 топ – 57 021 (54 306) теңге;

2 топ – 45 438 (43 275) теңге;

3 топ – 30 886 (29 416) теңге.

Асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерлері:

1 еңбекке жарамсыз жанұяға – 25 541 (24 325) теңге;

2 еңбекке жарамсыз жанұяға – 44 251 (42 144) теңге;

3 еңбекке жарамсыз жанұяға  – 54 942 (52 325) теңге;

4 еңбекке жарамсыз жанұяға  – 58 209 (55 437) теңге;

5 еңбекке жарамсыз жанұяға – 60 287 (57 414) теңге;

6 және одан көп еңбекке жарамсыз жанұяға – 62 663 (59 680) теңге;

Айлық есептік көрсеткіштің 2 405 теңгеден 2 525 теңге болып өзгеруіне байланысты  арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері де өзгереді:

Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге – 40 400 (38 480) теңге;

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілгендерге –  15 630  (14 887) теңге;

Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілгендерге – 19 064 (18 158) теңге;

Тылда еңбек еткендерге – 5 379 (5 123) теңге;

I, II топ мүгедектеріне – 3 763 (3 584) теңге;

III топ мүгедектеріне – 1 616 (1 540)  теңге;

көп балалы аналарға – 10 504 (10 005) теңге;

Ал, «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталғандарға 16 160 (15 392) теңге болып өсіріледі.

Осылармен қатар, бала бір жасқа жеткенше күтіммен отырған аналарға:

Бірінші балаға – 13 853 теңгеден 14 544 теңгеге;

Екінші балаға – 16 379 теңгеден 17 196 теңгеге;

Үшінші балаға – 18 880 теңгеден 19 822 теңгеге;

Төртінші және одан да көп балаға 21 405 теңгеден 22 473 теңгеге дейін жоғарылайды.

Бірінші, екінші және үшінші бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшері – 95 950 (91 390) теңге, төртінші және одан кейінгі бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақылардың мөлшері – 159 075  (151 515) теңге.

18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелейтін ата-аналарға, қамқоршыларға және  18 жастан асқан бала кезінен 1 топтағы мүгедек балаларды тәрбиелейтін ата-аналарға, қамқоршыларға төленетін жәрдемақы  мөлшері 29 699 теңгеден 31 183 теңгеге өзгереді.

Бала кезінен мүгедектігіне байланысты:

1 топ – 57 021 (54 306) теңге;

2 топ – 47 220  (44 972) теңге;

3 топ – 35 638 (33 941) теңге;

Ал, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы мөлшері 39 598 теңгеден 41 578 теңгеге жоғарылады.

Бетті дайындаған: Лиза СЕЙТІМОВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған