Жарнама
БілімЖаңалықтар

Жылыойлық оқушылар Дағыстанды бағындырды

Atr.kz/8 сәуір, 2019 жыл. Жылыой ауданында «Best education» менталдық арифметика оқу орталығы жұмыс жасайды.

Міне, осы орталықтан 6 оқушы Махачкала каласына Халықаралық менталдық арифметика бойынша олимпиадаға жолдама алып кеткен болатын. Сол есепке жүйрік 6 өрен жүлделі орындармен оралды.

Бұған дейін осы орталықтағы балалар менталдық арифметикадан олимпиадаларға онлайн түрінде қатысып, одан да жүлделі орындарға иеленіп жүрген екен. Осы жолы да бақтарын сынап көруге бел буып, Махачкала қаласында өткен әлемдік олимпиадаға жол тартыпты. Әлемдік олимпиададан Жангелді Қуандық 1- орын, Арай Еркінғалиева 2-орын, Шынар Тегісбай 3- орын, Арнұр Амангелдіұлы 3- орын, Наркиза Қабдолла 3- орын, Арина Сакиева 3- орын иеленді.

«Best education» оқу орталығының мұғалімдері Әсел Жұмабаева мен Әйгерім Аянқызы шәкірттерге арифметиканы тереңдете оқытып, жүйріктерді әлемдік додаға баптап дайындаған. Үстаздардың қуанышында шек жоқ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button