Жарнама
Жаңалықтар

ЖЫЛЫОЙДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР

Атап айтар жайт, селолық округтерге тән биыл орайын табу керек ортақ мәселе – балабақша, спорт кешені және «Ақбұлақ» бағдарламасы аясындағы жұмыстарды жеделдету. Жиындарда Ақкиізтоғай – Құлсары және Шоқпартоғай – Құлсары тасжолдарын күрделі жөндеу, оған қаражат бөлу мәселесі көтерілді. Ғұмар Ислямұлы Шоқпартоғайда «ЭСС-Тенгиз» мекемесінің (жетекшісі Б.Достанов) өздері қаражаты есебінен, яғни, 64,0 млн. теңге жобасында мектеп ауласында спорт залы құрылысын бастап кеткенін оң бағалап, ризашылығын білдірді. Тұрғызба селосындағы 160 орындық балабақша құрылысын бастауды ТШО мекемесінің биылғы жоспарына енгізуге ықпал жасалмақшы. Жаңақаратондықтар мен қосшағылдықтар ауылға кіреберістегі тасжолды күрделі жөндеу мәселесін кезекті рет қозғады. Басқа селолық округтерде шешімін тапқан дене шынықтыру-сауықтыру кешені және балабақша құрылысы бойынша жалғыз Майкөмген жоспардан тыс қалып қойған, бұл мәселеде қайтадан ұсыныс беруге бағдар берілді. Осы селоның шығыс бетіндегі субұрқақ көздерін ашуға да қозғау салынды.
Селолардағы кездесулерде облыс басшысының бірінші орынбасары жергілікті тұрғындарды облыста атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етумен қатар, мал шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан зор маңыз беріліп отырғандығын, сондықтан, төрт түлік мал басын көбейтуге баса мән беру керектігіне тоқталды.
Ғұмар Ислямұлы Құлсары қаласындағы әлеуметтік нысандарды да аралап көрді. «Аэропорт» ықшамауданындағы 280 орындық балабақша ғимаратын бір-екі айдың ішінде аяқтауды, ал құрылысы баяу жүріп жатқан №19 мектеп ғимараты бірінші қыркүйекке дайын болу керектігін тапсырды. Металл құю зауытының өнімдері («Металлопродукт» ЖШС) алдыңғы кезекте жергілікті жердің қажетін өтеу керектігі айтылды. Вахташылар ықшамауданындағы 300 орындық мектептің ғимаратын және жаңадан салу басталған үш қабатты көп пәтерлі бес тұрғын үй құрылысын тездету үшін екі ауысымға көшу қажеттігі, ал негізгі жұмыстары біте келген 250 орындық емхана ғимаратын жарты ай ішінде жабдықтау және аяқтау тікелей жауапты буындар басшыларына жүктелді.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.Дүйсембаев бастаған топ Құлсарыдағы зәкірлі инвестициялық жоба – әк (известь) шығарылатын зауыттың («КаспийСервис» ЖШС), мұнай шламды қайта өңдеу өндірісінің («Экотехникс» ЖШС), кәріз суларын тазарту құрылғысының және жаңадан ашылған Г.Машенованың жүн өңдеу цехының жұмыстарымен де танысып, алдағы мақсаттарына бағыт-бағдар берді.
Өңір басшысының бірінші орынбасары жұмыс сапарының соңында ТШО компаниясының ықпалдылық танытуымен жасалып, абаттандырылған «Достық» саябағын аралап көрді.

Қаржау ОРАЗБАЕВ,
меншікті тілшіміз,
Жылыой ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button