Жаңалықтар
Жылыойда төтенше жағдай жарияланды
Көктемгі су тасқыны Жылыой ауданына да қиыншылық туғызып, өңірде бүгіннен бастап төтенше жағдай жарияланды.
Аудан әкімдігінің хабарлауынша, түнде Қосшағыл ауылдық округіне қарасты Қарағай елдімекеніне су кірді. Қандай кезеңде де ең бастысы — адам өмірі маңызды екенін атап айтқан аудандық әкімдіктің қызметкерлері қазіргі таңда су төніп тұрған аумақтардағы тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстары жүргізілетінін атап айтты.
-Тұрғындардың дүрбелеңге салынбай өз қауіпсіздіктері үшін төтенше жағдай бөлімі қызметкерлерінің нұсқамасын мұқият тыңдауы сұралады, — дейді аудан әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ