Жарнама
Жаңалықтар

Жылыойда су тасқынына қарсы шаралар күшейтілді

Кеше, 23 наурыз күні Жылыой ауданының Бақашы аумағында су деңгейінің көтерілуіне байланысты төтенше жағдай туындады. Бақашы аумағынан су белгіленген арнадан асып, бақылаусыз жайылып жатыр. Осыған орай, бөгет салу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Бұл туралы аудан тұрғындары әлеуметтік желілерде хабарлап, бейнежазба жариялады.

img 1992
Screenshot

— Қазіргі ахуал бойынша, су бөгеттің сыртына шығып кеткен. Бұл төменгі аумақтарға таралу қаупін тудырады. Егер су бөгеттің үстінен асып немесе айналып өтсе, Құрсай аумағына жетіп, одан әрі Құлсары қаласына бағыт алуы мүмкін. Сондықтан тиісті мекемелер жедел шаралар қабылдап, қауіптің алдын алу жұмыстарын күшейтіп жатыр, — делінген әлеуметтік желідегі хабарламада.

img 1991
Screenshot

Аталған жағдайға байланысты мән-жайды анықтау үшін Жылыой ауданы төтенше жағдайлар жөніндегі штабына хабарластық.

img 1993
Screenshot

— Бейнежазба Жем өзені бойындағы Бақашы ата қорығы маңында түсірілген. Су жайылма арқылы келіп жатыр, ешқандай ағыс толқыны байқалмайды. Аталған жерде тәулік бойы жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау органдары, әскери сарбаздар мен аумақтық қорғаныс бригадасының қызметкерлері кезекшілік етуде. Арнайы техникалар жұмылдырылған. Бұл су айтарлықтай қауіп төндіріп тұрған жоқ, себебі бұл – жайылма су. Қазір бөгет салу жұмыстары жалғасуда, ал Жем өзені өз арнасымен ағып жатыр, — дейді аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб өкілдері.

Айта кету керек, өңірде төтенше жағдайдың алдын алу шаралары күшейтілген. Әкімдік пен жауапты органдар ахуалды бақылауда ұстап отыр.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button