Жаңалықтар
Жылыойда сирена қосылды
Жылыой ауданында көктемгі су тасқынына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимінде сирена қосылды. Бүгін Жем өзенінің арнасынан асып, судың 2 және 3-ші ауылға кіру қаупі туындады. Мәселеге байланысты аудан әкімдігі Құлсары қаласының тұрғындарын шұғыл қауіпсіз аймаққа көшіретінін хабарлады.
-Құрметті 2 және 3-ші ауыл тұрғындары! Штабтың шешіміне сәйкес, бірінші кезекте әйелдер, балалар, науқас жандар және I, II, III топтағы мүгедектігі бар азаматтар көшіріледі, — делінген делінген хабарламада.
Айта кету керек, №№18, 8, 9, 6, 5, 1, 16 орта мектеп ғимараттары қабылдау пункттері болып белгіленді.
А.ҚҰРМАШЕВА